Ұлттық тұтынушылар лигасы бензин сапасын тексеретін тестерді тегін таратып жатыр. Ал Қазақстан жанармай сапасы жөнінен 100 елдің арасында 70-орында тұр.
Әл-ауқат деңгейі жөнінен әлемдегі алғашқы елу ел қатарына енген Қазақстан жемқорлық пен баспасөз бостандығына келгенде тізімнің соңына түсіп қалады.
Ресми статистикаға қарағанда, былтыр коммуналдық тарифтер мен азық-түлік бағасы қымбаттағанымен, жыл қорытындылары бойынша инфляция болжамды деңгейден төмен болған.
Тұрмысқа қажет заттарды несиеге сатып алуды әдетке айналдырған қазақстандықтардың банктерге қарызы екі триллион теңгеден асқан.
Қазақстан америкалық ұйым жасаған экономикалық еркіндік рейтингінде 67-орын алды. Мұның бір жыл бұрынғы көрсеткіштен айырмашылығы шамалы. Бірақ Ресей мен Қытайдан озған.
Алматыда Ислам даму банкінің аймақтық форумы өтіп жатыр. Форум аясында Орталық Азияның экономикалық келешегі де талқыланбақ.
Жаңаөзендік Жәдия Менешева кәсіпорынмен бір жыл соттасса да мұнай өндірісінде қаза тапқан баласына өтемақы ала алмады. Кәсіпорында мерт болған өзге жұмысшының отбасы ақшасын алған.
1 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев даулы «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты жобасымен танысты. Жұрт суретте президенттің жанында тұрған тұлғалардың арасынан жобаға қатысушыларды «таба бастады».
«Каспий банктің» 39 клиенті несие беру шарттарын жарамсыз деп тануды талап еткен топтық шағымын сотқа жеткізді. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиғаға баланады.
2014 жылы Қазақстан үшін қандай маңызды саяси оқиғалар болмақшы? Азаттық тілшісі келер жылы көпшіліктің назары ерекше ауатын бірнеше шараға шолу жасады.
Қазақстандық 1000 теңгелік банкнот Ebay.com интернет-аукционында саудаға шықты. Иесі бұл купюраның құнын 16 доллар 99 цент, яғни 2617 теңге 40 тиын деп бағалаған.
Алматылық кәсіпкер қазақтың киіз үйін жаңа технологиялармен жабдықтап, экологиялық тұрғыдан таза, әрі арзан қонақ үйлерге айналдыруды мақсат етеді.
Тағы