1 қаңтарда көптеген халықаралық ұйымдар төрағалық ететін елдерді ауыстырады. Кейде ол сәтімен болады, кейде күмән тудырады.
Иран билігі дауға іліккен миллиардер Бабак Занжаниді тұтқындады. Оны бұған дейін Батыс та "Иранға қарсы салынған халықаралық санкцияны бұзды" деп айыптаған еді.
Қазақстанда 2014 жылы зейнетақы да, жарықтың тарифі де 9 пайызға өсті. Коммуналдық төлемдер мен темір жол билеттерінің ақысы да қымбаттады.
«Қазкоммерцбанк» пен бизнесмен Кеңес Рақышев «Самұрық-Қазына» қорымен БТА банкін сатып алу жөнінде алдын ала келісім жасасты. Бұған дейін «Сбербанк» пен «Халық банкі» БТА-дан бас тартқан.
Қазақстанда электр қуатының бір пайызға да жетпейтін көлемі табиғи қуат көздерінен өндіріледі. Ал дамыған елдерде әр бесінші киловатт-сағатты жасыл энергетика береді.
Ресей Украинаға 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде қарыз беретін болды, газды да арзанға сатуға келісті. Ал Киевтегі шерушілер бұл "жомарттықтың" себебін білгісі келеді.
Қазақстан ескі автокөліктерді утилизацияға жіберу жайлы айта бастады. Ал ескі көлік иелері «жаңа көлік алуға шамамыз жоқ» дейді.
Осыдан жүздеген жыл бұрынғыдай Қытай әлемді әлі таңдандырып келеді. Әлем экономикасындағы соңғы жайттар қытай капиталы экспансиясының күшейгенін көрсетеді.
Алматыда 2009 жылы ашылған «Қызғылт такси» транспорт компаниясында әйел таксистер ғана жұмыс істеді. Екі жылдан кейін компания жабылып, таксист әйелдер басқа таксопарктерге ауысып кетті.
Екі айға жуық аштық жариялап жатқан борышкерлер еш нәтиже шықпаған соң наразылық акцияларын тоқтатты. Олар енді мәселені шешудің басқа амалдарына жүгінетінін айтады.
Шикізатқа бай елде автократиялық билік орнаса, жемқорлық өркендейді. Халықаралық қауымдастықтың бизнесті әділ жүргізуге ұмтылуына қарамастан, Әзербайжанда коррупция мәселесі шешілмей отыр.
Теміртау педагогтары кәсіподағы мұғалімдердің айлығын көбейтуді талап етеді. Ұстаздар жалақысы соңғы рет 2011 жылы өскен. Ал кей ата-ана мектептегі ақша жинауға наразы.
Тағы