Өзбек-түркімен шекарасында түркиялық жүз шақты жүк көлігінің қаңтарылып тұрғанына үш аптадан асты деп хабарлайды түрік басылымдары.
Ресей президенті Қазақстанда ұзақ уақыт дауға айналған АЭС салу тақырыбын қайта қозғап, құрылысқа жәрдем беруге әзір екенін мәлімдеді.
Forbes журналы жыл сайын жариялайтын дүние жүзіндегі дәулетті адамдар тізіміне жаңадан қосылған байлардың басым көпшілігі - технология мен өнеркәсіп саласынан.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 450 миллиард теңгесі "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингіне инвестиция ретінде салынды
Қарашаның 16-сында Тәжікстандағы Рогун ГЭС-інің бірінші агрегаты іске қосылды. Совет кезеңінен бері жоспарланған бірнеше миллиард долларлық жоба ондаған жылға созылды.
1993 жылы қарашаның 15-інде тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы – теңге айналымға енгізілді.
"Зейнетақы қорының қаржысы ақталмайтын жобаларға жұмсалып жатқаны мен біршама жылдан кейін қорда ақша таусылатынын" болжаған экономист Айман Тұрсынхан өзіне "қысым жасалып жатқанын" айтады. Ол Бас прокуратураға "жеке бас қауіпсіздігіне алаңдап" шағым түсірген.
Шетелдік жұмысшылар үшін елдің тартымдылығын бағалайтын "Expat Insider-2018" рейтингіне енген 68 мемлекет ішінде Қазақстан 49-орында тұр. Бір жылда Қазақстанның рейтингі 14 сатыға төмендеген.
Батыс баспасөзі Shell компаниясының "ҚазМұнайГаз" компаниясындағы үлесін сатып алудан бас тартқанын жазған.
Азия Даму банкінің қалпына келетін энергия ресурстарын пайдаланып, халықты көбірек энергиямен қамтамасыз етуді көздейтін Орталық Азияға арналған бағдарламасы бар. Бірақ, жасыл әрі арзан энергия көзіне ауысу Орталық Азиядағы бәзбіреулердің жеке мүддесіне қайшы келуі мүмкін.
Тағы