Алматының сауда орталықтарында кейбір ретейлер компаниялардың бутиктері мен дүкендері жабылып жатыр. Саудагерлер «сұраныс азайды» деп шағымданады. Сарапшылар жұрттың аса қажет емес тауарларды сатып алудан бас тартып жатқанын айтады.
Данияр Ақышев те ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов сияқты теңгеге қатысты «жағымсыз сценарийлер болмайды» деп уәде береді. Бірақ ұлттық валюта нығаюдан гөрі құлдырауға бейім.
Өзі ет импорттайтын Қазақстанның Иранға ет экспорттайтыны жарияланды. Тегеранға сапарлаған Қазақстанның «сауда миссиясы» делегациясы қатынасты дамыту жолдарын талқылады.
Қазақстанда теңге девальвациясынан соң көптеген тауар, азық-түлік пен қызмет түрлерінің бағасы Қырғызстанмен салыстырғанда арзандаған. Қырғыз кәсіпкерлері тауарды енді Алматыдан тасуға көшті.
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының ардагер акционерлері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, бірнеше жыл ала алмай отырған дивиденттерін төлетіп беруді сұрады.
Сәбидің бетін күйдіру, «балабақшаны жарамын» деп қоқан-лоқы жасау, адамды «қарызыңды қайтармасаң, жезөкшелікпен айналысасың» деп қорқыту – ресейлік коллекторлардың кейбірінің «сүйікті» әдісі.
Батыс баспасөзі «Қазақ арманы» идеясы көп ұзамай құрдымға кетуі мүмкін деген болжам жасап, қаржылай көмек кімге берілетінін және Қазақ хандығы жайлы жаңа тарихи сериалды талдаған.
Ресей бағыты жабылғалы Еуропа мен Түркиядан Ақтау теңіз порты арқылы жүк таси бастаған жүргізушілер бюрократизм, парақорлық пен жағдайсыздыққа шағымданады. Кеден бекеті жүк өткізуді Мемлекеттік кіріс комитетінің қаулысына орай рәсімдейтіндерін айтады.
Экономикалық санкциялардан босаған Иран әлемдік саудаға қайта араласты. Бұл өзгерістен ұтатындар да, ұтылатындар да бар. ОА-ға ежелгі Жібек жолын жандандыратын мүмкіндік туды.
Батыс баспасөзі Қазақстан валютасы мен әлемдік мұнай бағасы жаңа қарқынмен құлдырағаны туралы жазыпты. Азаматтық белсенділер постсоветтік елдердегі цирк-дельфинарийлерге тыйым салуды ұсынады.
Қырғызстан жуық арада энергетикалық тәуелсіздікке жете қоймайтын тәрізді. Ел үкіметі Ресеймен бірігіп су электр станциясын (СЭС) салу туралы келісімнің күшін жойды.
Ресейлік «Плюс Банк» 83 пайыз акциясы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков 70 пайызына иелік ететін «Цеснабанктің» меншігіне өткенін хабарлады. Акционерлер құрамында әкімнің әйелі мен ұлы және інісі бар.
Тағы