«Бек Эйр» авиакомпаниясы мен азаматтық авиация комитетінің дауына енді кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы араласты. Әлеуметтік желіде қарапайым азаматтар да үн қосқан дау әзірге шешілмей тұр.
2016 жылы кейбір өңірлерде электр қуаты мен жылу және судың бағасы арзандамақ не сол күйінде қалмақ. Ал Астана мен Алматыда керісінше қымбаттайды.
2015 жыл Орталық Азия елдері үшін қиын жыл болды. Экономикасы күрт құлдырағаны байқалған аймақ елдерінде қауіпсіздікке қатысты проблемалар да көбейді. Ал 2016 жылы аймақты не күтеді?
Биыл Ресейден инвестиция күткен жобалардың бірнешеуі жүзеге аспайтыны белгілі болды. Мәскеу оның себебін «әлемдік экономикадағы қиындықтар» мен санкциядан көреді.
Жыл басында теңге құнсызданбайтынына бірнеше рет сендірген билік жыл соңында «сыртқы әсерлер күшейіп кеткенін» мойындады. Ал сарапшылар мұны «мұнайға сенген үкіметтен» көреді.
Батыс баспасөзі қытай диссиденті Пу Чжицянның соты, Қытайдағы ең ірі мұнай өңдеу компаниясы және мұнай бағасы соңғы 11 жылда ең төменгі деңгейден түсіп кеткенін талқылап жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы мақташылары үкіметтің жер субсидияcын алып тастауына наразы. Билік оның орнына «техника лизингі мен шаруа қожалықтарын ірілендіруді» ұсынады.
АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциялары арасында ВТБ банкі мен «Сбербанктің» Қазақстандағы бөлімшелері де бар
Әзербайжан валютасы (манат) күрт арзандаған соң дүкендер жабылып, ел шетелдік валюта немесе ұзақ уақыт қолданатын тауар сатып алуға жүгірді.
Батыс баспасөзі Рахат Әлиевтің қазасына қатысты істі қараған судья Мария Шергубельдің ұйғарымын талқылап, Қазақстан теңгесін «әлемде биыл ең нашар күйге түскен валюта» деп атаған.
АҚШ соңғы жеті жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені өсірді. Доллардың нығаюы өзге елдер экономикасына тиімді болуы да, кері әсер етуі де ықтимал.
Теңгенің долларға шаққанда тағы құнсыздануын «қаржы нарығындағы психологиялық дүрбелең салдары» деушілер де, «Ресеймен бірге ЕАЭО-ға қосылудың әсері» ретінде сипаттаушылар да бар.
Тағы