Қазақстан ұлттық банкі өкілі Берік Өтемұраттың батыс баспасөзіне сұхбаты дүрбелең әкелді. Ұлттық қордың жағдайы жайлы пессимистік мәлімдемесінен соң ол қызметінен алынды.
Қазақстанның бюджеттен тыс қаржыдан құралған мұнай қоры жөнсіз жұмсала берсе, көп ұзамай сарқылуы мүмкін деген Батыс баспасөзіндегі сын-ескерту елде қызу талқы қозғады.
АҚШ президенті Барак Обама бұл қызметтегі соңғы жолдауында экономика, қауіпсіздік, баламалы энергия көздері мен халықаралық саясаттағы АҚШ-тың орны жайлы айтты.
Әлемдік биржаларда мұнайдың баррелінің бағасы 31 долларға түсті. Сарапшылар биылғы бюджетін «бір баррель мұнай 40 доллар болады» деген есепке құрған Қазақстанға бұл өзгеріс қалай әсер етерін сипаттайды.
Ресей президенті Владимир Путиннің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Николай Патрушевтің баласы «жыл банкирі» атанды.
Алматы облысында жергілікті билікпен соттасуға мәжбүр болған кей кәсіпкерлер «қадағалау органдарының біліксіздігінен экономикалық ахуал нашарлап кетті» дейді.
Теңге девальвациясы мен экспортқа шығатын шикізат бағасы арзандаған соң бюджетті толтыру қажеттігі туғанын жариялаған Қазақстан ондаған компанияны сатуға қоймақ.
Қырғызстан Еуразия экономикалық одағына кіріп, кеден кедергілеріжойылды. Бірақ 2015 жылы бұл елдің Қазақстанмен арадағы тауар айналымы екі есе кеміген.
«Бек Эйр» авиакомпаниясы мен азаматтық авиация комитетінің дауына енді кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы араласты. Әлеуметтік желіде қарапайым азаматтар да үн қосқан дау әзірге шешілмей тұр.
2016 жылы кейбір өңірлерде электр қуаты мен жылу және судың бағасы арзандамақ не сол күйінде қалмақ. Ал Астана мен Алматыда керісінше қымбаттайды.
2015 жыл Орталық Азия елдері үшін қиын жыл болды. Экономикасы күрт құлдырағаны байқалған аймақ елдерінде қауіпсіздікке қатысты проблемалар да көбейді. Ал 2016 жылы аймақты не күтеді?
Биыл Ресейден инвестиция күткен жобалардың бірнешеуі жүзеге аспайтыны белгілі болды. Мәскеу оның себебін «әлемдік экономикадағы қиындықтар» мен санкциядан көреді.
Тағы