Forbes журналы жариялаған әлемнің ең бай адамдарының тізіміндегі қазақстандық миллионерлердің барлығы рейтингте жоғары жылжыған.
Постсоветтік елдердегі ұлттық валюталардың күрт құнсыздану тенденциясы бұған дейін тұрақты валюта саналған Әзербайжан манатының құлдырауына ұласты.
Иран Еуропаның газ нарығына кіргісі келеді, мұны Ресей экономикасына қауіп санайды.
Бозащы кенішінде жұмыс істеп жатқан ресейлік ЮВСГ компаниясының жұмысшылары прокуратураға қысқарту туралы шағымданды. Компания шағымды теріске шығарды.
Қазақстан президенті Батыс пен Ресейдің санкция соғысын «жабайылық» деп атады. Ол «Ресей бұл жағдайдан абыроймен шығып көркейіп кетеді, Ресеймен бірге Қазақстан да көркейеді» деді.
«АрселорМиттал Теміртау» басшылығы жұмысшылардың қаңтар айындағы жалақысын уақытша 25 пайызға кем төлеу туралы бұйрықтың күшін жоймайтын болды.
Азаттық ақпанның 5-і күні экономика ғылымдарының докторы, халықаралық бизнес университетінің профессоры Мағбат Спановпен онлайн-конференция өткізді.
Теңгенің күрт құлдырауының бір жылдығы қарсаңында экономистер мен қаржыгерлер бұл валютаның келешегін, мемлекеттің дедолларизация туралы жаңа курсы мен үкіметтің экономикалық саясатын талқылады.
Жалақы толық төленбейтіні және индекстеу тоқтайтыны жайлы бұйрық айлық күтіп жүрген «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларын дүрліктірді. Компания бұл шешімін қаржы тапшылығымен түсіндіреді.
Мұнай бағасының құлдырауы мен Батыс санкциялары салдарынан Ресей рублінің құнсыздануы қазақстандық тауар өндірушілерге кері әсерін тигізді.
Ұйым есебінде Қазақстан биыл да «еркін емес» деп танылған елдер тізімінде тұр. Есепте бұл елдің саяси-әлеуметтік және экономикалық ахуалы да сипатталған.
Қазақстан Heritage Foundation ұйымының биылғы экономикалық еркіндік индекcінде былтырғыдан төмендеп, 69-орынды иеленді. Елдің ұпайын азайтқан жағдайдың бірі – жемқорлық.
Тағы