Украина президенті Петр Порошенко Днепропетровск облысының басшысы Игорь Коломойскийді қабылдау кезінде оның өтінішін орындап, қызметтен босатты.
Астанадағы үшжақты кездесуде Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдері басшылары мұнай бағасының арзандауына байланысты дағдарыстан шығу жайын талқылап, Украинадағы жағдайды сөз етті.
Мұнай бағасының құлдырауы әлемдік нарыққа өзгеріс әкелді. АҚШ-та көлік иелері бұған қуанса, Ресей мен Иран сияқты мұнай өндіруші елдерді зиянға батырады.
Қазақстан шаруалары ет экспорты көлемін ұлғайтуды армандағанымен, ет импортымен бәсекелесе алмай отыр. Енді бәсекелестер қатарына Ресей импорты қосылған.
Еуропа Одағы еуро бағамының күрт құлдырауы Еуропа экономикасы үшін тиімді әрі тұтынушыларының жағдайын жеңілдетеді деп санайды. Ресей азаматтарына валюта бағамының құбылуына ауа-райы сияқты қарауға кеңес береді.
Ресей президентінің еуразиялық ақша бірлігін құру жайлы тапсырмасынан соң іле-шала ЕАЭО басшыларының Астанадағы үш жақты кездесуі кейінге қалдырылды.
Наурыздың 5-сі күні Азаттық Макроэкономикалық зерттеулер орталығы директоры Олжас Құдайбергеновпен онлайн-конференция өткізді.
Forbes журналы жариялаған әлемнің ең бай адамдарының тізіміндегі қазақстандық миллионерлердің барлығы рейтингте жоғары жылжыған.
Постсоветтік елдердегі ұлттық валюталардың күрт құнсыздану тенденциясы бұған дейін тұрақты валюта саналған Әзербайжан манатының құлдырауына ұласты.
Иран Еуропаның газ нарығына кіргісі келеді, мұны Ресей экономикасына қауіп санайды.
Бозащы кенішінде жұмыс істеп жатқан ресейлік ЮВСГ компаниясының жұмысшылары прокуратураға қысқарту туралы шағымданды. Компания шағымды теріске шығарды.
Қазақстан президенті Батыс пен Ресейдің санкция соғысын «жабайылық» деп атады. Ол «Ресей бұл жағдайдан абыроймен шығып көркейіп кетеді, Ресеймен бірге Қазақстан да көркейеді» деді.
Тағы