Маңғыстаулық мұнайшылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан еңбек кодексін қабылдамауды сұрап хат жазды. Сенатор Бақтыбай Шелпеков мұнайшылардың талабын сенатқа жеткізгенін айтады.
Бір топ алматылық кәсіпкер «шеттен әкелінетін балалар мен емізетін және жүкті әйелдер тамағы өнімдерін, биологиялық қоспаларды тіркеу қиындағанын» мәлімдеді. Мемлекеттік орган мұны теріске шығарды.
Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шараның бірі ретінде жекешелендіру аталды. Жекешелендіруді ұсыныс ретінде оң бағалағанымен, сарапшылар оның ойдағыдай жүзеге асарына күмәнмен қарайды.
Қазанның 20-сы күні теңге бағамының күрт құлдырап, доллар құнының өскеніне екі ай толды. Үкіметтің бағаны бақылауда ұстау туралы мәлімдемелеріне қарамастан екі айда азық-түлік қымбаттап кетті.
2015 жылдың үш тоқсанында жұмыстан қысқарған азаматтар былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда үш есе көп. Мұны Азаттыққа денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады.
Қазақстанда кейбір сарапшылардың «Ұлттық валютаның шексіз құлдырауына жол берген жөн бе?» деген сауалға қатысты пікірі екіге жарылды.
Украина президенті Петр Порошенко Қазақстанға сауда қатынасын орнатуға келді. Ал қарапайым украиналықтар бұл елге ІТ технология, жарнама мен басқару салаларындағы жетекші қызметтерге келеді.
Ресей мен Еуропа Одағы арасындағы санкция қақтығысы Қазақстанның бидай экспортына аса көп өзгеріс әкеле қоймаған. Әлемдегі экспорт-импорт мәселелерін сөз ететін Hellenic Shipping News басылымының келтірген деректерінен осыны байқаймыз.
Қырғызстандағы парламент сайлауы науқаны мәресіне жетіп қалды. Елдегі 5 миллион 800 мың халықтың жартысына жуығы қазанның 4-і күні дауыс беруге құқылы.
Сатушылар мен тұтынушылар қазақстандық киімдердің сапасына сене бермейді. Ал өндірушілер «біздің өнім шетелдікінен кем емес» дейді.
Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ жиынында елде «азаматтық қоғам дамуына жағдай жасалғанын» мәлімдеді. Ал халықаралық ұйымдар Қазақстандағы азаматтық қоғам ахуалын сынап келеді.
Кейбір қарапайым азаматтар мен сарапшылар «теңге девальвациясынан соң зейнетақы қорындағы ақшамыз құнсызданып кетті» деп алаңдайды. Зейнетақы активтерін басқаратын Ұлттық банк жағдайды дұрыс түсінуге «долларланған сана» кедергі дейді.
Тағы