Рубльдің құлдырауы қазақстандықтардың қорқынышы мен алаңдаушылығын тудырды. Халық арасында девальвация жайлы қауіп тарады.
Рубльдің күрт құнсызданған сәтін пайдаланған ресейліктер «бағасы өспей тұрғанда алып қалайық» деп қымбат көліктерге мініп жатыр. Сарапшылар бұл арзаншылық ұзаққа созылмасын айтады.
ЕАЭО іске қосылатын күн жақындаған сайын ұйымдағы саяси шиеленіс күшейе түсті. Бақылаушылар мұны Кремльдің әрекет және мәлімдемелерімен байланыстырады.
Ресейдің сауда әріптесі және көршісі саналатын бірқатар елдер рубль бағамына қарайлап отырады. Рубль арзандаған кезде бұл елдердің ақшасы да құнсызданды.
Ресей министрінің «Мәскеуге қарсы Батыс санкцияларына Кеден Одағы шегінде жауап беруге мүмкіндік бар» деген сөзі Қазақстанда түрлі пікір тудырды.
Беларусь Ресеймен шекарасына кедендік бақылауды қайта орнатты. Сарапшылар бұл шараның Қазақстанға қандай әсері боларын талдады.
Мұнай бағасы барреліне 66 доллардан төмендесе, Қазақстан жыл сайын 20 миллиард доллардай табыстан қағылады. Бірақ "Баға 50 доллар болса да, экономика өсімі тоқтамайды" дейтіндер де бар.
Қаңтардың 1-і Еуразия экономикалық одағы іске қосылады. Алматыда өткен ЕАЭО жайлы пікірталасқа Қазақстан бизнесмендері қатысты. Бірақ «экономика» туралы әңгіме «саясатқа» ойысып кетіп жатты.
Желтоқсанның 5-інде Франция президенті Қазақстанға ресми сапармен келмек. Бұрынғы дипломат бұл сапарды «Париждің Астана арқылы ЕАЭО-ға жол іздеуі» ретінде сипаттайды.
Ресей президенті Қырымды аннексиялауды ақтап, Украинаның ісіне кірісуді «отандастарды қорғау қажеттілігі» деп түсіндірді. Путиннің сөзінше, «Ресей ксенофобияға ұрынса, әлсіздік болар еді».
Украина жұртта жоқ дәстүр шығарып, жаңа үкіметтегі үш маңызды министрлікті шетелдіктерге ұсынды. Парламент үкімет құрамын бекітерден бірер сағат бұрын ғана АҚШ, Грузия, Литва азаматтарына Украина паспорты берілді.
Мұнай бағасының арзандауы мен Ресей рублінің күрт құлдырауы Қазақстанда пессимистік көңіл-күй тудырды. Экономистердің бірі қатер бар десе, екіншісі алаңдауға әзірше негіз жоғын айтады.
Тағы