Кавказ тауларындағы 30 жыл бұрын басталған қақтығыстың салдары грузиндер мен осетиндердің күнделік тіршілігінен әлі де байқалады.
Азаттық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтиспен адам құқығын қорғау саласы бойынша 2020 жылды қорытындылап, 2021 жылдан не күтуге болатынын талқылады.
Covid-ке қарсы қатаң шаралар кейбір елдер, оның ішінде Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанда үкіметтің билігін күшейтуге мүмкіндік берді. Құқық қорғаушылар пандемиядан соң құқықтарды шектеген ережелер түбегейлі жойылуы тиіс дейді.
Пандемия Қазақстандағы қандай проблемаларды ашып көрсетті? 2020 жылы биліктің ішкі және сыртқы мәселелерге реакциясы қандай болды? Сайлау науқаны қалай өтіп жатыр? Нұрсұлтан Назарбаев билікке ықпал етіп отырғанда саяси өзгерістер болуы мүмкін бе? Азаттық саясаттанушы Досым Сәтпаевпен сұхбаттасты.
Мемлекет және қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің қайтыс болғанына жыл толды. Азаттық саясаткердің көзі тірісінде айтқан сөздерін жинап шықты.
Сарапшылар жемқорларды банкте есепшотының бар-жоғы тоқтата алмайтынын айтады.
Білім министріне хат жазып, "ұстаздарды сайлауға араластырмауды" сұраған белсенді мұғалімдер "билік біздің қолымызбен от көсеп отыр" дейді. Сайлауға түскен билікшіл партия өкілдері мұны жоққа шығарады. Ал сарапшы "мұғалімдердің азаматтық санасы оянып келе жатыр" деп санайды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Қазақстандағы сайлауды бақылау бойынша миссиясы аралық баяндамасын жариялады. Онда елдегі сайлауалды үгіт науқаны "тым сылбыр" өтіп жатқаны айтылған.
Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауына түскен кандидаттардың үгіт-насихаты басталғанына бір апта болды. Содан бері кандидаттардың сайлауалды науқанындағы айырмашылық айқын көріне бастады. Кейбір кандидаттар өңірлерді аралап, халықпен кездесу өткізсе, кейбірі мүлде тым-тырыс жатыр.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әулеті 785 миллион долларға сатып алған Еуропа мен АҚШ-тағы зәулім сарайлардың сыртқы көрінісі қандай? Бұл туралы Азаттықтың жаңа зерттеуінен оқыңыздар.
Тағы