2020 жылы Қазақстанның бірнеше өңірінде этникалық конфликт болды. Билік оларды "тұрмыстық жанжал", "қылмыстық топтар әрекеті" деп сипаттауға тырысты. Сарапшылар проблеманы өз атымен атау керек дейді. Олардың сөзінше, мәселенің бір ұшы билік ойлап тапқан "мемлекет құраушы ұлт" концепциясына тіреледі.
Жаңаөзен оқиғасынан кейін түрмеге қамалып, саяси тұтқын деп танылған Владимир Козлов "қазіргі саяси режимнің тұсында Жаңаөзен оқиғасын объективті зерттеу мүмкін емес, өйткені қылмыстың бір ұшы жоғарыдағыларға тіреледі" дейді. Азаттық қазір шетелде тұратын Козловтан сұхбат алды.
Ресей мемлекеттік думасының екі мүшесі Қазақстанға қазіргі жерін Ресей сыйлаған деген мәлімдеме жасады. Бұған Қазақстанда реакция білдіргендер мұндай сөз тегін айтылған жоқ, артында үлкен күштер тұр деп санайды.
Сот жемқорлық айыбымен жеті жылға бостандығынан айырған Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов "айып тағуға түрткі болған әрекеттер кезінде облыс әкімі болмағанын" алға тартады. Сарапшылар ірі шенеуніктердің істі болуына саяси элитамен қарым-қатынасының әсері бар дейді.
Түркіменстан өзін бейтарап мемлекетпін деп жариялағаннан бері өткен ширек ғасырда адамдары түрмеде жоғалатын, сөз бостандығын аяқасты ететін жабық елге айналды. Жақында Еуропа Одағы әлемде адам құқығын бұзғандарға қарсы ғаламдық санкция қолдануды мақұлдады. Оның Түркіменстанға әсері бола ма?
Қазақстан билігін сынап жүрген күштер парламент сайлауы қарсаңында түрлі мәлімдеме жасап жатыр. Кейбірі оппозиция қатыспайтын сайлауға бойкот жариялап, халықты көшеге шығарғысы келеді, енді бірі экс-президент басқаратын "Нұр Отан" партиясынан өзге кез келген партияға дауыс беруді ұсынады.
10 желтоқсан – халықаралық адам құқығы күні. 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында адамның қорғалуы тиіс негізгі құқықтары мен бостандықтары жария етілген. Қазақстанда осы құжаттың нормалары қалай орындалып отыр? Азаттық сарапшылардан сұрап көрді.
Қазақстан билігі тәуелсіз бақылаушылардың сайлауды бақылауына шектеу қоятын қаулы қабылдады. Тәуелсіз бақылаушылар бұл талап заңға қайшы деп санайды. Азаттық сайлауды бақылаушыларға арналға "Baqylau" жобасының жаттықтырушысы Ғалымжан Оразымбетпен сөйлесті.
Келер жылғы 10 қаңтарда өтетін парламент сайлауына дайындалып жатқан бақылаушылар қысымға тап болғанын мәлімдеді. Олар өздерін қаралайтын мақалалар, жалған хабарламалар мен телефон әңгімелері таратылғанын, ал қазір салық органдары шүйлігіп жатқанын айтады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз ағаш кесу, итбалыққа тас ату, табиғат аясына қонақүй салу, жұрт сынаған реалити-шоу сияқты резонанс тудырған мәселелер жайлы оқта-текте пікір білдіріп жүр. Бұл ісін құптайтындар да, қисынсыз араласты деп сынаушылар да бар.
Тағы