"Oyan, Qazaqstan" қозғалысының мүшесі Димаш Әлжанов "Қазақстандағы саяси модель өзгермесе, билік басына ондаған жыл тапжылмай отыратын тағы бір президент келуі мүмкін" дейді. Азаттыққа берген сұхбатында ол жақында өткен сайлау, биліктің құрғақ уәдесі, оппозицияның басы неге бірікпейтіні жайлы айтты.