Алматыда бірнеше қазақ Қытай консулдығына келіп, Шыңжаңда қалған туыстарын босатып, Қазақстанға қайтаруды талап етіп наразылық пикетін өткізді. Олар "Қытай билігі туыстарымызды негізсіз айыптап, кейбірін түрмеге қамап, Қазақстанға жібермей отыр" дейді. Қытай консулдығынан наразыларға ешкім шықпады.