Алматыда 8 наурызда жүздеген адам шыққан митингіде тұрмыстағы әлімжеттік, әйел теңдігі мәселелері қозғалып, әйелдердің, сексуалдық азшылықтың құқықтары қорғалмайтынын айтылды. Әлеуметтік желіде шеруді сынағандар "ұлттық құндылықтарды қорғауды" айтса, жақтағандар "адам құқықтарын" алға тартты.
Британ журналисі Джоанна Лиллис Азаттыққа берген сұхбатында батыс оқырманы Қазақстандағы оқиғаларға көп қызыға бермейтінін, сөз бостандығы шектеулі елде жұмыс істеудің қиындығын айтады.
Батыс басылымдары Қытаймен қарым-қатынасы күрделі Түркия мен Қазақстанның саясаты өзгеруі мүмкін деп жазды. Шыңжаңдағы қуғын-сүргіннен қашқан азаматтар экономикалық мүдде өңірдегі түркітілдес мұсылман халықтарын қорғау ниетінен басым түсуі мүмкін деп алаңдайды.
Ресейдің ПЭН-Москва және "Свободное слово" ассоциациясы құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен ақын әрі диссидент Арон Атабекті қамаудан босатуды сұраған қазақстандық ақын-жазушылардың үндеуіне қолдау білдірді. Ресми Нұр-Сұлтан әзірге үнсіз отыр.
Еуропарламент пен халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы адам құқығы жағдайына сын айтқан тұста ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "саяси реформаларды біреулерге ұнау үшін жасап отырған жоқпыз" деп мәлімдеді. Белсенділер мен құқық қорғаушы Тоқаев "саяси реформа жасаған жоқ" деп санайды.
Экономикасы тұралап, қаржы мүмкіндіктері шектелген Қырғызстан мемлекеттік қарыз салмағын бұрынғыдан да қатты сезініп отыр. Елдің сыртқы қарызының басым бөлігі – Қытайдан алынған несие. Қазір билік өкілдері қаржы міндеттемесін орындау үшін радикал шаралар қолдануды талқылай бастаған.
Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтан абақтысында жұмбақ жағдайда көз жұмғанына жыл толды. Ол "жүрек талмасынан" қайтыс болды деген биліктің байламына сенбеген туыстары қазаны ашық, әділ тексеруді талап етті. Құқық қорғаушылар мен белсенділер Ағаділді "саяси қастандық құрбаны" деп атады.
Қазақстанда 250-ден астам белсенді "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" қозғалыстарының "жұмысын ұйымдастыру" және "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу" айыбымен қудалауға түсті. Құқық қорғаушы оларды билік пен режим сыншысы арасындағы соғыста "кепілге алынғанын" айтады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкен қарамағындағы шенеунік пара алып сотталған соң отставкаға кетуге өтініш жазды. Бірақ әкім оған қатаң сөгіс берумен шектелді. Мәкен заңға сай жазған арызын қараған басшының заңды шешім қабылдағанын айтады. Ал сарапшылар мұны "көзбояу" деп бағалайды.
Еуропарламент қабылдаған қарарда депутаттар Қазақстанда адам құқықтарының жағдайы айтарлықтай нашарлағанын мәлімдеп, құқық бұзуға қатысы бар лауазымды тұлғаларға санкция салуға үндеді. Еуропарламент вице-президенті Хейди Хаутала Азаттыққа берген осы қарар мен оған Қазақстанның реакциясы жайлы айтты.
Тағы