11 шілде күні Қырғызстанның Бішкек, Ош және Тоқмақ қалаларында мәслихат депутаттарын қайта сайлап жатыр. Оған ел астанасында 18, Ошта 8, Тоқмақта 6 партия қатысып жатыр. Елде бүкілреспубликалық мәслихат сайлауы 11 сәуірде өткен. Бірақ ОСК осы үш қаладағы сайлаудың нәтижесін жойған.
Қазақстан билігі жылда мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа бюджеттен ондаған миллиард теңге бөледі. Қоғам белсенділері "көк жәшіктен" не көрсетілетіні көрерменге бәрібір десе, ақпарат министрі мемтапсырыс "БАҚ-тың соры" емес деп сендіреді. Азаттық "пропаганда мен оған жұмсалған қаржыны" зерттеп көрді.
Қытай коммунистік партиясының жүз жылдық мерейтойы кезінде сарапшылар Пекиннің автократиялық моделі басқа елдерге таралуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр.
24 қазанда Өзбекстанда президент сайлауы өтеді. Сарапшылар қазіргі президент Шавкат Мирзияевтің енді екінші мерзімге сайлануға дайындалып жатқанын әрі жеңіске жететініне сенімді екенін айтады.
Сәрсенбі, 16 маусым күні Швейцарияның Женева қаласында АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Келіссөз төрт сағатқа жетер-жетпес уақытқа ұласып, артынан екі ел басшылары жеке-жеке баспасөз мәслихатын өткізді.
16 маусымда АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин Женевада кездеспек. Екеуі бұған дейін 2011 жылы Мәскеуде кездескен еді. Қазір Мәскеу мен Вашингтонның арасы онша емес. Екі президенттің кездесуі қарым-қатынасты жақсарта ма? Сарапшылар көп үміт артудың қажеті жоқ дейді.
АҚШ әскерін әкеткенімен Ауғанстанның өзін жалғыз қалдырмайды деді АҚШ-тың Ауғанстандағы бейбітшілік пен келісім бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад Нұр-Сұлтанға сапарында. Өкілдің сөзінше, Ауғанстанда бейбітшілік орнағанына Қазақстан да мүдделі.
"Қырғи қабақ соғыстан" соң басталған ядролық қару-жарақты қысқарту процесі тұралап қалған сыңайлы" дейді Швецияның SIRPI ғылыми-зерттеу институты. Сарапшылардың айтуынша, әлемдегі жойқын қарудың басым бөлігіне ие Ресей мен АҚШ өз қорғаныс саясатында ядролық қаруға көп көңіл бөлетін болған.
Тағы