Оралда тұратын 48 жастағы белсенді Маруа Ескендірова кейінгі бес айда бесінші рет тұтқындалды. Шамалы үзілісті есептемегенде, ол 40 күн бойы қамауда отырды. Сот оны бесінші рет "бейбіт жиын ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін" 20 күнге қамады. Азаттық белсендінің әңгімесін жазып алды.
Ауғанстанда билікті тәліптердің басып алуы Орталық Азия елдерінің мазасын қашырып, оларды шекара қауіпсіздігіне баса назар аударуға мәжбүр етті.
Мәскеу АҚШ-тың Ауғанстандағы сәтсіздігін Батысты мұқатып, өз саясатын алға жылжытуға пайдаланады дейді сарапшылар. Бірақ Ауғанстандағы жағдай Кремльге бірқатар проблема туғызуы да мүмкін.
2020 жылы 16 тамызда Лондон саябағынан Қазақстанның бұрынғы президентінің немересі 29 жастағы Айсұлтан Назарбаевтың денесі табылды. Ол қайтыс боларынан бірнеше ай бұрын жақын туыстарына қарсы өткір мәлімдемелер жасап, оларды "жемқор", "ашкөз" деп айыптаған.
Бішкекте орысша сөйлегені үшін кассирге тап берген тұрғынның қылығы Ресейде саяси мәлімдемелерге себеп болды. Мемлекеттік дума мүшесі Владимир Жириновский Қырғызстан елшілігі алдына барып, Ресейде жұмыс істейтін "барлық қырғызды" еліне қайтаруға шақырды. Бұл мәлімдемелердің астарында не жатыр?
Мәскеу мен Пекин Қытайдың солтүстік-батысында бес күндік бірлескен әскери жаттығу өткізіп жатыр. Бұл шара АҚШ бастаған шетелдік коалиция әскерін әкетіп жатқан Ауғанстанға байланысты және Орталық Азияға төнген тұрақсыздық қатері мәселесінде екеуінің байланысы жақындай түскенін білдіретіндей.
Ресей мәдениет министрлігіне қарасты қоғамдық кеңес театрлар жұмысын тексеріп, мемлекеттік саясатқа қарсы әрекет бар-жоғын анықтамақ. Бірақ министрдің өзі цензураға жол жоғын айтып, мұндай идеяны қолдамайтынын білдірді. Кремльді сынаушылар өнерді бұлай бақылауды паранойя мен консерватизмге балайды.
Осы аптада шетел басылымдары "карантинді бұзған" Алматыдағы еврей дінбасына айыппұл салып, үлкен жиын өткен қонақүйге шара қолданбаған биліктің әрекетіне назар аударды. Бұған қоса шетел баспасөзі ауыл әкімдерін сайлаудың "демократиялық таңдауға" үлес қоса алмайтынын жазған.
"Витязь" гандбол клубының жаттықтырушысы Константин Яковлев Беларусьтен көшіп кетті. Ол бейбіт наразылық шерулеріне қатысып, былтыр тамызда болған президент сайлауынан кейінгі оқиғалар жайлы пікір білдірген. Маусымда Яковлев рұқсат етілмеген көпшілік шараға қатысты деген айыппен 15 күнге қамалған.
Халықаралық басылымдар Қазақстанда Қытайға қарсы көңіл-күйдің тұрақты түрде өсіп келе жатқанын жазып, жастардың барлық ақпаратты Instagram, YouTube және Telegram сияқты әлеуметтік желіден алатынын талқылады.
Украина ресми тұлғалары мен парламент мүшелері Пекиннің Киевті Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және өзге де мұсылмандар құқығының бұзылуын тексеруді қолдаудан бас тартуға қысым жасап көндіргенін айтады.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа толды. 1990-жылдары жоғары билікте қызмет істеген ол кейін оппозициялық партияға кірді. Бірақ көп ұзамай оппозициядан кетіп, өзі сынаған авторитар билік жүйесін орнатқан басшыны мақтады.
Тағы