Қазақстанда қаңтарда "кейбір ықпалды адамдар" билікті басып алуға талпынған. Бұл жөнінде биылғы жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Бірақ олардың аты-жөнін атамады. Жолдауда бұрынғы президент кезінде қалыптасқан билік жүйесіне өзгерістер енгізу жайлы да айтылды.
Ресейдің Украинаға басқыншылығынан бейбіт тұрғындардың өлімі көбейген тұста Батыс шенеуніктері Пекинді Мәскеудің дипломатиялық шешім қабылдауына ықпал етуге шақырды. Мұның әсері бола ма?
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жарғысына "үйлестіруші мемлекет" деген өзгеріс енгізу процестегі мәселе болғанымен, Украинадағы оқиғалар Ресейдің нені көксейтінін көрсетеді.
Азаттық Берлиндегі Герман Маршалл қорының қызметкері Йорг Форбригтен сұхбат алды. Ол Ресейді SWIFT жүйесінен ажырату және олигархтарға салынған санкциялар жайлы айтып, кейінгі қабылданған шаралар неліктен "ауыр соққы" болатынын түсіндірді.
24 ақпанда "Oyan, Qazaqstan" қозғалысы белсенділері Ресейдің Алматыдағы консулдығы алдына жиналып, Мәскеуден Украинаға қарсы бастаған соғысты тоқтатуын талап етті. Жарты сағаттан кейін полиция акцияға қатысушыларды күштеп алып кетті.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған "Болашақ" бағдарламасы мыңдаған қазақстандыққа әлемнің үздік университетінде білім алуға жол ашты. Көбі АҚШ пен Еуропа университеттерін таңдайтын. Бірақ жақында президент Тоқаев стипендияны Ресей бағытына бұру қажетін айтты. Бұл шешімнің қисыны қандай?
21 ақпанда Мәскеу Украинаның жікшіл екі аймағын "тәуелсіз ел" деп таныған соң ресейлік лауазымды тұлғалар түсініксіз, екіұшты мәлімдемелер жасаумен болды. Ертеңіне Владимир Путин Ресей сепаратистер бақылайтын аумақты ғана емес, тұтас екі облыстың тәуелсіздігін мойындағанын айтты.
Ресейдің Украинадағы сепаратистік аймақтар тәуелсіздігін мойындауы және Путиннің оған берген түсінігі Орталық Азия үшін нені аңдатады?
Ресей билігі Украинаның шығысындағы сепаратистік "ДХР" және "ЛХР" деп аталатын құрылымдарды "тәуелсіз мемлекет" деп танитынын мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин аталған екі аймаққа Ресей әскерін кіргізуге бұйрық берді. Киев пен Батыс мемлекеттері Мәскеудің бұл қылығын айыптап жатыр.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Қаңтар оқиғасынан соң құрылған "Қазақстан халқына" қорына екі аптаға жетер-жетпес уақытта 20 мыңнан аса адам көмек сұрап жүгінген. Тоқаевтың бизнесмендерді қайырымдылық қорына ерікті де мәжбүрлі түрде ақша аудартуын "популизмге" балайтындар бар.
Ресей мен Украина арасындағы текетіресте Орталық Азия елдерінің ұстанымын қалай бағалауға болады, олардың ішінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер мен мүше емес елдер арасындағы айырма байқалды ма?
Қызмет жолының басым бөлігінде бұқара алдына шыға бермейтін лауазым атқарған аппаратшы Ерлан Қошанов осы айда мемлекеттік биліктегі үшінші қызметке тағайындалды. Президент әкімшілігін басқарған ол мәжіліс спикері бола сала депутаттар корпусының міндеті президент "бастамаларын қолдау" екенін айтты.
Тағы