Қазақстанда парламенттің ондаған мүшесі "Жаңа Қазақстан" дейтін депутаттық топ құрғанын мәлімдеді. Заң шығарушылар бұл топ мәжілістің ашықтығы мен тиімділігін күшейту үшін қажет дейді. Сарапшылардың бірі мұның артында билік бақылауындағы тағы бір партия құру ниеті болуы мүмкін дейді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай "жаңа Қазақстан" құруға көмектеседі дегенде нені меңзеді? Қаңтар оқиғасынан кейін Қытай Орталық Азиядағы рөлін қайта қарап, өңірдегі ықпалын күшейтуге тырыса ма? Азаттық Мәскеудегі Карнеги орталығының ғылыми қызметкері Темір Омаровтан сұрап көрді.
Қытай президенті Си Цзиньпин ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп, Пекин мен Мәскеудің қарым-қатынасы одан әрі нығая түсті. Қос мемлекет арасындағы құбылмалы қарым-қатынастың астарында не жатыр?
2021 жылы Қазақстанда алғаш рет ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлады. Билік сайлауды қоғамның демократияға қарай жаңа қадамы деп атады. Қарашаның аяғында Батыс Қазақстан өңірінде шағын ауылдың тұрғындары сайлауда бақ сынап көрді. Бірақ сайлау қорытындысы олар ойлағандай болмай шықты.
Қазақстанда парламент мәжілісінің төрағасы ауысты. Президент әкімшілігін басқарып келген Ерлан Қошанов "өз өтініші бойынша" депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын доғарған Нұрлан Нығматулиннің орнына спикер болып сайланды. Қошанов биліктегі "Нұр Отан" партиясының мәжілістегі фракциясын да басқармақ.
Украина шекарасында Ресей әскері көбейді. Қытай бұл жағдайды АҚШ билігін айыптап, Мәскеумен байланысын нығайта түсуге пайдаланғысы келеді дейді сарапшылар.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұр Отан" партиясы төрағалығына сайланды. Жаңарған саяси кеңес құрамына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев, оның қызы Дариға, қаңтардағы наразылық тұсында отставкаға кеткен экс-премьер Асқар Мамин, партия басшысының 1-орынбасары болған Бауыржан Байбек енбеді.
28 қаңтарда съезі өтетін "Нұр Отанның" мүшелері партия ғимаратына кіре алмай әуре болды. Нұр-Сұлтандағы бас кеңсесінің есігі белгісіз себеппен тарс жабық. Азаттық тілшісімен сөйлескен депутаттар съезде партия атауын қайта қарауы мүмкін дейді.
Қазақстанның кемінде үш өңірінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарған "Нұр Отан" партиясы қатарынан бірнеше азамат шығып кетті. Олар партияға "сенімі сарқылғанын" айтады. Саясаттанушы мұны қаңтардағы дүрбелеңнен соң билігі күшейген Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында ұпай жинау ұмтылысы санайды.
Қаңтар оқиғалары кезінде көрінбеген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындағы видеомәлімдемесі нені көрсетеді? Қызметінен айырылған оның туыстарын не күтіп тұр? Бұл оқиғалар осымен тәмам ба? Азаттық АҚШ-тағы Колумбия университетіндегі Харриман институты директоры Александр Кулимен сұхбаттасты.
Тағы