Ресей президенті Владимир Путиннің кеңесшісі болған, кейін оны сынаушылар қатарына қосылған саяси технолог Глеб Павловский Азаттықтың Грузин қызметіне сұхбат берді. Ол Ресейдің Украинадағы соғыста тығырыққа тірелгенін, Путин мен Ресейге Украинаға басқыншылықтың өтемі ауыр болатынын айтады.
Ресей мектептері мен балабақшаларында "Украинадағы арнаулы операцияны" қолдауға үгіт жүріп жатқаны байқалады. Олар оқушыларды майданға хат жазып, басқа да насихат шараларына қатысуға мәжбүрлеген. Ата-аналар мен мұғалімдердің көбі мұны қалыпты жағдай көрсе, кейбірі қарсы шығып жатыр.
Қазақстан Ресеймен "достықтан" неге бас тарта алмайды? "Тоқаевқа қастандық ойластырып, қоғамда русофоб көңіл-күй қалыптастырмақ болған шетелдік агентті" ұстаудың астарында не жатыр? Саясаттанушы Димаш Әлжанов Азаттыққа берген сұхбатында осы және басқа сұрақтарға жауап берді.
Ресей Украинаға басып кіргеннен үш күн өткен соң президент Владимир Путин ядролық қаруды арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды. Батыс шенеуніктері бұл мәлімдемеге назар аударғанымен, алаңдауға негіз жоқ деді. Қазір "Путин ядролық қару қолдана ма?" деген сұрақ күн тәртібіне қайта шықты.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіруге бұйрық бергелі Ресейдің мемлекеттік арналары соғыс барысы, Киев пен Батыс елдерінің әрекеті туралы шындыққа жанаспайтын, дәлелсіз ақпарат таратып келеді. Азаттық сондай кейбір ақпаратқа шолу жасап көрді.
Алматы, Қостанай, Орал, Шымкент пен Байқоңырда Z белгісі жапсырылған көліктер байқалған. Қазақстандықтар бұл таңбаны неге пайдаланады? Бұл үшін жазалау керек пе? Кінәлілерді жауапқа тартуға қандай бап қолданады?
Заңға әлеуметтік желі мен мессенджерлерді шектейтін өзгертулер енгізу қолданушыларға қалай әсер етеді? Мемлекеттік органдар балаларды зиянды ақпараттан қорғауды желеу етіп, билік жақтырмайтын контентті бұғаттауы мүмкін бе? Азаттық Digital Paradigm қоғамдық қоры директоры Елжан Қабышевтан сұрады.
Мәскеудің Украинаға басқыншылығы Қазақстанның қақтығыс аймағынан жүздеген километр қашықтағы, Ресеймен тығыз байланысы бар батыс өңіріне қалай әсер етті?
Тағы