Ертегі дейсіз бе, жоқ әлде «ақырзаманның» ертеңі дейсіз бе, өзіңіз біліңіз, иманымыз иістеніп, жемқорларымыз көрінгенді кеміріп, арықтарымыз семіріп, семіздеріміз жарылып жатқан соң, жаратқан ием бәрін керісінше жасай қойды.
Осыдан он неше жыл бұрын қытайдың «Чаңчун» компаниясы Жапониядан жылдамдығы сағатына 250 километрге дейін жүретін болатын супер- экспресс сатып алған болатын.
Сіздің ойыңыз дұрыс-ақ, әріптес, бірақ «Құдай өлген жерде, адам еркін» деген сөзге айтар уәжіңіз бар ма?
Жастау, өмірге мастау кезімде 01 маркалы ескі-і «Жигулиім» болды. Өзі жүрсе – тоқтамайды, тоқтаса – жүрмейді. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде «тіліп» жүрген кезіміз. Бір күні рулі бөлініп-бөлініп сынып қалған мәшинеме Валерий деген орыс көршімізден ескі руль сұрап алып, орнына қойып, мәз болдым.
Қазір әркімнің қолында жүрген қалта телефоны (ұялы телефон) ешкімді таңдандырмайды. Онымен еңкейген кәріден еңбектеген балаға шейін сөйлесіп жүр.
Бүгінгі күні «Азаматтық неке» деген ұғымды естіп, тіпті көрудің өзі бізге таңқалатын жай емес. Мұны, әрине, мен жас болғанымен бір түрлі қабылдай алмаспын. Себебі бұл киелі қазақ халқының сүйегіне таңба болып түсетіндей.
Ежелден алтынды тау Алтай атаған алып тау сілемінің басы саналатын Қытайдың Өр Алтайында соңғы төр бес жылдан бері алтын іздеушілер көбейіп кетті.
Жуырда Қазақстан премьер-министрі Twitter-дегі өзінің блогінде «Блоггерлер – мерзімді баспасөзді жерлеушілер» деген пікірін жариялаған болатын. Бұл тосын пікір әртүрлі көзқарастар тудырғаны рас. Қазіргідей ақпараттық дәуірде интернет технологиялар жылдам қарқынмен дамып келе жатқанын көзіміз көріп отыр.
Кейде достарыммен кездесіп қалғанда, «жазуды қойдың ба?» деген сұрақ қояды. «Мен жазуды бастаған ба едім» деген ойға кетем. Бірнеше түрткен кішкентай шығармалар, бір уақыттар іштегі құлазытқан сезімнен туындаған туындылар.
Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіндегі «Қақпан» сын-сықақ бөлімін қақыратып жүрген кезім. Түркістан қаласындағы балабақша меңгерушісінің ішіп-жеп қойғаны туралы «Алақаным қыши береді» атты фельетон жаздым. Ол кезде фельетондарды бұрқыратып жазып жүрген кез еді.
Алатаудың алақанында тербелген ару Алматы – армандардың тоғысатын мекені. Жыл сайын білім бұлағына шөлдеп келген сансыз студенттерді жылы құшақпен қарсы алып, қиялдарына қанат бітіріп жатады.
Бiр күнi «Шылым шегiңiз, жаныңыз кiредi, бiрақ денсаулық сақтау министрлiгi ескертедi: жаныңыз қайтадан шығып кетедi» деген жарнамаға жымиып қарай берген едiм, көшенi қиып өтiп бара жатқан еркектi зу ете қалған «Мерседес» қағып кеттi.
Тағы