Ертегі дейсіз бе, жоқ әлде «ақырзаманның» ертеңі дейсіз бе, өзіңіз біліңіз, иманымыз иістеніп, жемқорларымыз көрінгенді кеміріп, арықтарымыз семіріп, семіздеріміз жарылып жатқан соң, жаратқан ием бәрін керісінше жасай қойды.
Аң біткенге – жердегі жыбырлаған жануарлар мен қыбырлаған құрт құмырсқаларға дейін – қазақ тілі бітіп, аудан әкімдіктеріне тышқандар, облыс әкімдіктеріне түлкілер қонжиған заман болды. Бір күні жолбарыс өзінің курстас досы пілді ертіп, адам бағына барды. Темір торларда адамдардың неше түрі бар еді.
– Мынау немене? – деп сұрады піл досынан.
– Адам.
– Қызық екен. Не ішіп отыр?
– Адамдардың ертеден келе жатқан негізгі қорегі – арақ екен. Бұлар ауыл, қалаларды мекендеп жүріп, арақ ішкен, сыра сылқитқан.
– Ананы қара! Бірдеңе жазып отыр!
– Ол – арызқой адам. Жер бетінен жойылып бара жатқан жалғыз арызқой адам осы. Жаратқан иеме арыз жазып жатыр дейді.
– Мыналар не істеп жүр?
– Е, досым, бұл адамдар «оңтүстік қазақтары» деген тұқымнан. Көрмейсің бе, тор ішінде той жасап жатыр.
– Мына бір адам мойнына галстуг тағып алыпты.
– Орыс тұқымынан. Бұдан жүздеген жылдар бұрын Ресей ормандарын, қалаларын мекендеген дейді. Ресейдің соңғы президенті екен.
– Палау жеп отырған адамды қара!
– Өзбек президенті Ислам Каримов деген адам. Мұсылман болса да, қазақ тұқымдастарға тыржиып қараумен өткен дейді.
– Темір тордың ішінде жалау, ту көтеріп отырғандар ше?
– Қырғыздар деген көтерілісшіл адамдар.
– Ұят-ай. ұялы-ып барамын.
– Неге?
– Баяғы заманда «Жезөкшелер» деген ұрғашы адамдар тайпасы өмір сүрген дейді. Олар түнде ғана өмір сүріп, күндіз «өліп» отырған. Көшелерді, қонақ үйлерді, сауналарды мекендеген. Мына торда ағылшын, америка, қытай жезөкшелері.
– Ия, біреуі төсін төгіп, сағыз шайнап тұр. Тісін ақситқан адамды қара.
– Е, ол қанішер қылмыскер адам. Баяғыда адамдар біздерді ғана емес, өздерін де аяусыз өлтіріп отырған. Мына адамды көрдің бе? Бұл адамдардың соңғы парақоры. Қасында прокурор, сот.
– Анау саусағын сорып отырған ше?
– Е, ол бұрын МАИ инспекторы болған дейді. Қазір торда түнеріп, саусағын ғана сорып отыр ғой. Сыртқа шықса, сені де сора салады.
Піл «шлангісінің» ұшына ақша қыстырып, оған беріп еді. тордағы МАИ инспекторы ақшаны қағып алып, қалтасына сала қойды.
– Мынау кім?—деп сұрады піл.
Жолбарыс торға ілінген жазуды оқыды: «Адамдардан қалған соңғы долы қатын.»
Әйел бұларды қарғап сілеп жатты:
– Құдай бар болса, құйрықтарың қырқылып, жапырақтай құлақтарың жыртылып, көздеріңде гранат жарылып, мұрындарыңның ішінен мұнай ағылып, төрт аяқтарың аспаннан келсін! Жейтін бірдеңе лақтырсаңдаршы!
Жолбарыстың жүні жығылып, піл оның «қолтығына» тығылып, адам бағынан кеш шыққан олар жол-жөнекей әңгімелесіп барады:
– Біздің көргендеріміз адам еместер ғой. Ал осылардың кесірінен аңға айналып кеткен нағыз адамдар тауда «жайылып» жүр.
– Бұрынғы адамдар министрлікте отырған қазіргі маймылдарға ұқсайды екен.