Оралда бірнеше күннен бері қала іргесіндегі саяжайлар суға кетіп, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ресми дерек бойынша, қазірге дейін 117 саяжайды су алған. Кейбір саяжай алабын осы айдың өзінде екінші рет су шайған. Шығынға баттық деген бір топ тұрғын бүгін тағы да әкімдікке жиналды.
Түркістан облысында 60 мыңға жуық адам тұратын Қарабұлақ деген ауыл бар. Елге үлкен мал базарымен танылған. Қазақстан үкіметінің 19 наурыздағы отырысында осы ауылға қала мәртебесін беру мәселесі сөз болды. Азаттық тілшісі Қарабұлаққа барып, жұрттан осы жайлы пікірін сұрады.
Батыс Қазақстан облысында тасқынның екінші толқыны жетіп, елді мекендер суға батып жатыр. || 20-21 сәуір күндері әлемнің бірнеше еліндегі қазақтар митинг өткізді. || Абақтыда аштық жариялап жатқан журналистер – Тілеужан мен Мұхаммедкәрімге қысым көрсетіліп жатыр деп мәлімдеді жақтастары.
20-21 сәуір күндері әлемнің бірнеше елінде «Салтанат үшін!» акциясы өтті. Ұйымдастырушылар — шетелде оқып жүрген қазақ жастары. Чехия, Польша, Австралияда жүздеген адам күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенова мен басқа да зорлық-зомбылық құрбандарын еске алды.
Тағы