Ресей президенті Владимир Путин елдегі кез келген мәселеге Вашингтон мен Батысты кінәлауға үйреніп алған. Ресей президенті қолында еш дәлел болмаса да, Беслан оқиғасынан кейін болған ең қанды терактіні Киевпен және Батыс елдерімен байланыстырып отыр.
Қаңтар оқиғасынан соң "әуежайға шабуыл жасады" деген айыппен сотталып, түрмеде отырған Әйгерім Тілеужанның үстінен тағы іс қозғалды. Бұған сотталушылардың бірімен арадағы жанжал себеп болған. Билікті сынап жүрген, қазір қамауда жазасын өтеп жатқан Тимур Дәнебаев та камералас адаммен жанжалдасқан.
Ресейдегі терактіні жасаған кім? "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алса да Кремль оқиға артында Украина тұрғанын айтады. || Терактіге байланысты сегіз адам екі айға қамалды. Оның көбі Тәжікстан азаматы. || Бірнеше өңірде еріген қар суы жұртты әбігерге салып жатыр.
Қазақстанның бірнеше өңірінде еріген қар суы тұрғындарды әбігерге салды. Мұндай ақпаратты Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары әлеуметтік желіге салып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі қар суынан қауіп барын бір ай бұрын ескерткен.
Тағы