Грузия футболшылары 26 наурызда Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Грекияны жеңіп, ұлт қаһармандарына айналды. Биыл жазда Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына қатысады. Ұлттық құраманың кей ойыншылары "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" заң жобасы мен полицияның наразыларға күш қолдануын сынап, белсенді ұстаным білдіріп жатыр.
Ресей Владимир Путинді президент ретінде бесінші рет ұлықтады. Рәсімге шетелден арнайы қонақ шақырмау – Кремлдің Путин билікке келген сонау 2000 жылдан бергі саясаты. Инаугурация күні Еуропада жүрген орыс оппозициясы Гаага халықаралық соты ғимаратының алдында акция өткізді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Мирас Мәлік мектеп ауласындағы әжетханада көз жұмды. Оның қазасына күдікті ретінде осы мектептің 9-сынып оқушысы үйқамаққа алынды. Марқұмның және күдіктінің ата-анасы оқиғаға бірнеше баланың қатысы болуы мүмкін дейді. Мектеп әкімшілігі бұрын-соңды оқушылар арасында әлімжеттік болмағанын алға тартады.
Тағы