«Әр қазақ жеті атасын біледі, ал жеті апасын неге білмейді? Шежіреде ерлердің есімі бар да, әйел неге жоқ? Ұрпағын тоғыз ай құрсағында көтеріп, бағып-қағып өсірген аналар шежіреден орын алмауы әделтсіз» дейді суретші Мөлдір Қарубайқызы. Оның «Жеті апа» атты картинасы осы ойдан туған.