Бұл жолы дөңгелек үстелде Қазақстан билігінің елдегі кейбір діни ұйымдар мен бірлестіктерді жою мақсатын көздеп отырғаны сөз болды. Пікірталасқа, әдеттегідей, дін істері бойынша агенттіктің өкілдері қатыспады.
Ал оған қатысқан сарапшылардың ортақ пікірінше, агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріптің діни топтарға жататын ондаған Интернет-сайттың «экстремизмді насихаттағаны үшін» сот шешімдерімен жабылғаны туралы мәлімдемесінің растығына зор күмән келтірді. Не Жоғарғы соттың, не дін істері бойынша агенттіктің сайттарында діни сайттарды жабу туралы бірде-бір сот шешімі жоқ болып шықты.
Сұлтан Хан Аққұлы орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелінің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдай аласыз.