Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Қазақстандағы арнайы қауіпсіздік қызметтерінің құзыры кеңейтілді, бірақ олардың іс-қимылына азаматтық бақылау орнатылмады» деп аталады.
Оған қатысқан сарапшылардың бірі Қазақстанның қауіпсіздік қызметтері туралы жаңа заңында олардың құзыры мен қызмет өрісі кеңейтілді, бірақ қауіпсіздік қызметтеріне парламенттік немесе азаматтық қоғам ұйымдары тарапынан бақылау орнату туралы ештеңе айтылмаған дейді.
Өзге сарапшылар болса, жаңа заңның оң жақтары да бар: біріншіден заң парламентте қабылданып, екіншіден - тұңғыш рет баспасөзде жарияланғанын айтады.
Әріптесім Сұлтан Хан Аққұлы өткізген дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық Радиосының Интернет-сайтынан оқып, тыңдай аласыз.