Президент резиденциясына шабуыл жасады деп айыпталып жатқан белсенді Қосай Маханбаевтың мәслихатқа кандидаттығы тоқтады. Прокуратурадан арыз түскен соң, Алматының сайлау комиссиясы әуелгі шешімнің күшін жойған. Бірақ олар бұл әрекет қаншалықты заңға сай екеніне жауап бере алмады.
19 наурызда өтетін парламент сайлауына кандидаттар арасында үгіт-насихат қағаздары бүлініп жатқанын айтқан шағым жиіледі. Кейбірі билік партиясы – "Аманатты" айыптайды.
Қазақстанда тіркелген жеті партия биылғы сайлауғаа 281 кандидат ұсынып отыр.
Тәуелсіз бақылаушылар бірлестігі Қазақстандағы кезектен тыс парламент және жергілікті өкілді органдарды сайлауға дайындықты бастай алмай отыр. Өйткені орталық сайлау комиссиясы әлі аккредитация бермеген.
Қазақстан билігін ашық сынап жүрген бірнеше белсенді азамат мәжіліс депутаттығына үміткер болып тіркеле алмады. Кейбірі аумақтық сайлау комиссияларын сотқа беріп үлгерген. Белсенділер бұдан саяси астар көреді.
Былтыр ғана тіркелген "Байтақ" экологиялық партиясы сайлауалды съезін өткізді. Жас партия мәжіліске 23 адам ұсынбақ. Бірақ атыраулық мүшесі тізімнен өзін таппай, наразылық білдірді. Сөзінше, оның орнына бұрынғы "Нұр Отан" партиясының мүшесі Ирак Елекеевтің ұлы кіріп кеткен.
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» (ЖСДП) 19 наурызда өтетін парламент сайлауына үміткерлерін атады. Мәжіліске олар 19 адамды партия тізімімен, тағы 6 адамды бір мандатпен аймақтардан қоспақ. Бірақ партияның сайлауалды бағдарламасы әлі дайын емес.
Қазақстан Конституциясына былтыр енгізілген өзгертулерден кейін тарайтыны белгілі болған жетінші шақырылған мәжіліс ақыры жұмысын тоқтатты. Бұл мәжілістің саяси келбеті қандай болды?