Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдары Киевте президент Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың үйіне тінту жүргізген. Мұны шенеуніктің өзі де растады. Тінту Зеленскийге жақын адамдар жымқорлық қылмысына байланысты күдікке ілініп, қоғамда резонанс тудырған шақта жасалды.
Украинаның Тернополь қаласына шаубылдан құрбандар саны артты. Бүгін 12 жастағы Адриана алған ауыр жарақатынан қайтыс болды. Ресей мен Украина өткен түні бір-біріне шабуылды күшейтті. Екі елдің де стратегиялық нысандары зардап шекті.
Украинадағы соғысты тоқтататын бейбітшілік жоспары 27 қарашаға дейін қабылданады деген болжам расталмады. Трамп екі жақты келістіруде ешқандай дедлайн жоқ десе, Ресей өкілі "оның жай-жапсарын талқыламағанын" айтты. Ал Зеленский Путиннің соғысты тоқтату ниеті жоқ дейді.
Ресей армиясы түнде тағы да Киевке зымыран мен дрон атқылады. Кемінде 6 адам қаза тауып, тұрғын үйлер өртенді. Таганрогта украиналық дрондардың шабуылынан үш адам қаза болды. Жергілікті билік көршілес Краснодар өлкесі ірі шабуылға ұшырады деп хабарлады.
Қытайдың Шаньси провинциясындағы, бұрын шикізатты "Роснефть" компаниясынан сатып алып келген мұнай өңдеу зауыты Қазақстанмен келісімшарт жасасқан деп жазды Reuters. Қытай Ресейден алып келген мұнай көлемін толықтай алмастыруға Қазақстанның шамасы жете ме? "Настоящее Время Азия" сарапшылардан сұрады.
Трамп пен Зеленский осы аптада кездесіп, "Бейбітшілік жоспарын" талқылауы керек. Владимир Путин Трамптың жоспарымен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді, бірақ соғысты жалғастыруға да қарсы емес. Ал Еуропа бейбітшілік келісіміне өз ұсыныстарын дайындады.
Украина президенті АҚШ ұсынған соғысты тоқтату жоспарын қарап жатқанын, ол бойынша «қатаң мәлімдеме жасамайтынын» айтты. Ал Ресей президенті Украина әскерилерінің «қаруды тастап, берілуіне мүмкіндік жасау» туралы нұсқау берді. Шабуыл жалғасып жатыр.
АҚШ Ресей-Украина соғысын тоқтату бойынша жаңа жоспар ұсынғаны хабарланды. Ол бойынша Украина біраз жерінен бас тартып, әскерін қысқартуы тиіс. Сарапшылар Украина «бұл шартқа көне қоймас» дейді. Екі тарап бір-бірін әуеден атқылап жатыр. Украинаның Тенополь қаласында қаралы күн.
Тағы