Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді?
Қазақстан мұнайының көбін Еуропа елдеріне тасымалдайды. Басым бөлігін Ресей аумағынан өтетін Каспий құбыр консорциумы арқылы жөнелтеді. Мәскеу қазақ мұнайы өтетін құбырды қайта-қайта жауып тастай берген соң Астана шикізат тасымалдайтын балама жол іздеді.
Украина шақырған саммиттің қатысушылары соғысты аяқтауды көздейтін процестің басталғанын құптады, бірақ мұндай жиынға Мәскеу де қатысқаны жөн дегенге тоқтады.
Өткен аптада Украина президенті Владимир Зеленский "Орталық Азия басшылары Кремльден жасқанып, Ресейді қолдап отыр" деген пікір айтты. Кей сарапшылар Мәскеу Украинаға басып кіргелі Ресейдің аймақтағы ықпалы әлсіреді десе, енді біреулері Зеленскийдің сөзінің жаны бар деп есептейді.
Украинаның солтүстік-шығысында соғыс қарқыны күшейді. Бір аптадан бері Ресей Харьков бағытында шабуылын үдетті. Мәскеу ұрыс алаңын 70 шақырымға дейін кеңейткен. Украина шабуылға тойтарыс беріп жатқанын мәлімдеді.
Владимир Путин Ресей президенті қызметіндегі бесінші мерзімін үкіметте көптен болмаған ауыс-түйістен бастады. Сарапшылар пікірінше, бұл Украинаға қарсы ұзаққа созылған әрі аса қымбатқа түскен басқыншылық соғысты одан ары жалғастыру қажеттігінен туындады, оған қоса Батыс елдерімен арадағы шиеленістің күшеюінің салдары.
Тағы