Қазақстан мұнайы, Каспий құбыр желісіне шабуыл және АҚШ талабы. Экс-елші Ольга Стефанишинамен сұхбат
АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеу мен Киев бір-бірінің энергетика нысандарына соққы бермеуге келісті деп мәлімдеді. Кремль әзірге Трамптың шабуыл жасауды тоқтатуды талап етуін қолдайтынын ғана айтты. Украина болса бітімге келуге дайынбыз дейді.
Ресей Украина мен Польша шекарасындағы халықаралық өткізу бекетіне соққы жасады. Шабуыл кезінде пойыздардың бірінде АҚШ Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры болғаны хабарланды.
Канада Украинаға құны 250 миллион долларға тең қару-жарақ беретінін мәлім етті. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы Ресейдің азаматтық нысандарға шабуылын қатаң айыптады. Екі тарап өткен тәулік те тағы да соққы алмасты. Соғыстағы кейінгі жаңалықтарды шолып өтейік.
Украина араға екі аптадай уақыт салып Ресейдің Ozon маркетплейсінің қоймасына шабуылдады. Бұл жолы компанияның Саратов облысындағы қоймасына соққы жасалды.
Украина дрондары Сочи жағажайы мен Махачкаладағы портқа шабуыл жасады. Сочи жағажайында бұл кезде адамдар демалып, мәдениет үйінде концерт өтіп жатқан. Сол күні Ресей де Украинаның бірнеше қаласын атқылап, 5 адам қаза болды.
Украинаның Ресейдегі Новороссийскіге жасаған дрон шабуылы мұнай тасымалына да әсер етті. Қаладағы мұнай терминалы мен әскери-теңіз базасы нысанаға алынып, бірнеше әскери кеме зақымданған. Шабуылдан кейін Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық бағыты саналатын КҚК-да мұнай тиеу уақытша тоқтатылды.
Новороссийскіге дрон шабуылы кесірінен Каспий құбыр консорциумында мұнай тиеу кідірді. Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұшағы Кишиневтен Ослоға ұшып шыққан кезде әуеде "дрон тие жаздаған".
Мәскеу мен Киевте жүрген АҚШ-тың елшілері еліне қайтқан сәтте Ресейдің әуе күштері Украина астанасына жойқын шабуыл бастады. Ресей мен Германия арасы ушыға түсті. Екі ел бір-бірінің консулдықтары мен мәдени ұйымдарын кезек-кезек жауып жатыр.
АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер өткен демалыс күндері Мәскеу мен Киевке сапарлады. Олар соғысып жатқан тараптармен бейбітшілік орнату шарттарын талқылаған. Диалог кезеңінде екі елдің астаналарында атыс уақытша доғарылғанымен, өзге аймақтарда соғыс жалғасып жатты.
Ресейдің Сочи қаласында дрон шабуылынан кейін мұнай базасы өртенді. Энгельсте ресейлік әскери қызметкерге қастандық жасалды.
Украина президенті Владимир Зеленский азаматтық әуе компанияларына үндеу жасап, Ресей аспанында ұшу қауіпті деп мәлімдегелі Ресейдегі бірқатар рейс тоқтатылып, әуежай жабылып, шектеулер енгізілді.
Тағы