Украинада қорғаныс министрі алмасып жатыр. 2021 жылдың қарашасынан бері осы саланы басқарып келе жатқан Алексей Резников отставкаға кетті. Ал Ресей мен Түркия президенттері Сочи қаласында кездесіп, Украинадағы соғыс пен астық келісімін талқылады.
Ресей-Украина соғысында дрон шабуылы, әуеден соққы жасау екі елдің аумағында да қалыпты жағдайға айналды. Мәскеуге ұшқышсыз ұшатын құрылғылармен шабуыл жиіледі. Ресей аспаны жолаушылар тасымалы үшін қаншалықты қауіпті? Бұл сұраққа украиналық авиация сарапшысы Богдан Долинце жауап берді.
Ресей Украинаға соғыс ашқалы елінің азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алған кәсіпкерлер де, спортшылар да бар. Кейбірі Интернетте жарияланған өмірбаянынан Ресейді сызып тастап, Қазақстанда туғанын жазған. Санкция қаупі төнгенде Кремльге жақын кәсіпкерлер өмірбаянын қалай өзгертіп жатыр?
14 тамызға қараған түні Украинаның Херсон облысы мен Одесса қаласына шабуылды үдетті. Кемінде жеті адам қаза тауып, жиырмаға жуық адам жараланды. Ресей әскері атқылаған зымыраннан Херсонда бір отбасы түгелдей мерт болды. Өңірде қаралы күн жарияланды.
Тағы