Украинамен соғыста жүрген ресейліктердің қатарында адам шығыны көп, қару-жарақ жетпейтіні жиі айтыла бастады. Мұны өзге емес, өз әскери жетекшілері де ашық мәлімдейтін болды. Қорғаныс министрінен бастап, бәрін балағаттаған "Вагнер" жалдамалы тобының жетекшісі "амал жоқ, енді шегінеміз" дейді.