2022 жылы 24 ақпанда басталған Ресей басқыншылығының кесірінен Украинаның біраз қаласы қирап қалды.
Ресей Украинаға басып кіргені үшін санкцияға іліккенде, әртістердің көбі бұрынғыдай жер-жерде концерт өткізу мүмкіндігінен айырылды. Олар енді Қазақстанға ағылды. Бірақ бұл жақта да оларды бәрі бірдей құшақ жая қарсы алып жатқан жоқ.
Соғыс басталғанына бір жыл толғанда АҚШ президенті Джо Байден Украинаға барды. Оның бұл сапары ресми түрде алдын ала хабарланбаған. Байден Киевте жүргенде зымыран қаупін ескертетін дабыл жүйесі қосылып тұрды.
АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы соғыстың бір жылдығы қарсаңында Киевке барды. Оның Украинаға сапары бұған дейін хабарланбаған. Байденнің Киевке сапарының анық-қанығы.
Ресейді Украинаға басып кіргендегі қиянаты үшін жауапқа тарту керек дейді Александра Матвийчук. Ол басқаратын "Азаматтық еркіндік орталығы" бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын жеңіп алған. Азаттыққа берген сұхбатында Матвийчук соғыс басталғалы Украинадағы қалыпты өмір құрдымға кеткенін айтады.
Қазақстаннан Украинаға киіз үйлер, сандықтар, генераторлар мен басқа да заттар жөнелтіліп жатыр. Ресей шапқыншылығына ұшыраған елге көмекті еріктілер ұйымдастырды.
Тағы