Украинаның Киев облысында тікұшақ апатынан 15 адам қаза тапты. Үшеуі бүлдіршін. Әуелі мерт болғандар саны 18, 16 адам деп те хабарланған. Олардың арасында Украинаның ішкі істер министрі мен оның бірінші орынбасары және мемлекеттік хатшы бар. Әзірге тікұшақтың құлау себебі айтылмады.