Бір жыл бұрын Ресейде "ішінара" мобилизация жариялаған соң ресейліктер Қазақстанға жаппай ағылған еді. Көбі Қазақстанды транзит аймағы ретінде пайдаланып, кейбірі көп ұзамай еліне оралды. Алайда мұнда қалып қойғандар да бар. Азаттық Қазақстанға біржола қоныс тепкен бірнеше ресейлікпен әңгімелесті.