Ресейдің Украинаға басып кіргенін ашық айыптаған ресейліктердің көбі не қамалды, не шетелге қашты. Бірақ кейінгі кезде қарсылықтың жаңа түрі тарай бастады.
Кейінгі айларда Ресей саясаткерлері Украинадағы соғысқа шетелден келген жұмыс күшін тартуға үндеп жүр. Сарапшылар мигранттарға әскермен қатар экономика да мұқтаж екенін айтады.
Ресей шенділері Украинаға қарсы соғысып жатқан әскерін ұстап тұру үшін түрлі айланы іске асырып жатыр. Бұған соғыстан қажыған жауынгерлердің туыстары наразы. Кремль майдандағы жағдайды өзгерткісі келсе, екінші рет мобилизация жариялауға тиіс.
Еуропа одағы Ресейдің Украинаға қарсы соғысына көмектесіп отырған компанияларға салатын санкциялардың жаңа пакетін дайындады. Оған Орталық Азиядағы үш кәсіпорын – екі қазақстандық және бір өзбекстандық компания да кірген. Бірақ тізімде Қытай фирмалары жоқ.
14 қараша түнде Украинаның Донецк облысындағы көпқабатты үйге зымыран түсіп, бір адам қаза тапты. Украина Ресейді айыптайды. Израиль Газа қаласындағы ең үлкен Әл-Шифа ауруханасына басып кірді. Қытай төрағасы Си-Цзиньпин жеті жылда бірінші рет АҚШ-қа сапарлап барды.
Ресейде үстінен іс қозғалған соң Қазақстанға қашып келген журналист Евгения Балтатарова Астанадан саяси баспана сұрайды. Өткен айда Алматыдағы уәкілетті орган оған босқын мәртебесін бермеген. Балтатарова бұл шешімді сотта дауламақ.
Украина әскері Днепр өзенінің сол жағалауында кемінде екі плацдарм құрды. Бұл – Киевтің 5 айға созылған қарымта шабуылындағы соңғы демі ме, әлде жақсылық нышаны ма?
Әлемде балалар соғыс зардабын тартып жатыр. Газа секторында кейінгі 18 күнде жарылыстан қаза тапқан бала саны 2300-ден асқан. Ал Украинада кемі 500 бүлдіршін мерт болып, жиырма мыңға жуығы Ресейге күшпен әкетілгені айтылады.
Ресей күштері Украинаның Харьков облысындағы шағын ауылға ракета атып, салдарынан 51 адам қаза тапқан. "Жарты ауылды жоқ қылды" дейді сол жерде жүрген журналист. Билік өкілі "бұл – соғыс басталғалы бері бір сәтте ең көп адам қаза тапқан оқиға" деп мәлімдеді.
Бір жыл бұрын Ресейде "ішінара" мобилизация жариялаған соң ресейліктер Қазақстанға жаппай ағылған еді. Көбі Қазақстанды транзит аймағы ретінде пайдаланып, кейбірі көп ұзамай еліне оралды. Алайда мұнда қалып қойғандар да бар. Азаттық Қазақстанға біржола қоныс тепкен бірнеше ресейлікпен әңгімелесті.
Тағы