Украинаның Киев облысында тікұшақ апатынан 15 адам қаза тапты. Үшеуі бүлдіршін. Әуелі мерт болғандар саны 18, 16 адам деп те хабарланған. Олардың арасында Украинаның ішкі істер министрі мен оның бірінші орынбасары және мемлекеттік хатшы бар. Әзірге тікұшақтың құлау себебі айтылмады.
Украинаға былтыр ақпаннан бері басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан Ресей қарулы күштерін реформалып, әскер санын көбейтпек. Бірнеше ел неміс өндірісінен шыққан танкілерді Украинаға жөнелту үшін Германия үкіметінің келісімін күтіп отыр. Соғысқа қатысты кейінгі хабарларды тілші баяндасын.
Украинада бүгін, 16 қаңтар қаралы күн. Екі күн бұрын Днепр қаласында көпқабатты үйге түскен Ресей зымыранынан кемі 37 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын іздестіріліп жатыр. Бұл оқиғаға байланысты президент Владимир Зеленский ресейліктерге үндеу жолдады.
АҚШ армиясының отставкадағы генералы Бен Ходжес Азаттыққа берген сұхбатында Ресей әскерінің жүйесіз қимылдап жатқанын атап өтіп, Батыстың жаңа қару-жарағы Украинаға соғысты қалай өзгертуге мүмкіндік беретінін айтты.
Сергей Левицкий, бывший худрук главного драматического театра Бурятии, уехал из России в октябре прошлого года и сейчас работает режиссером Театра юного зрителя в Алматы, где ставит спектакль «Оптимистическая трагедия». Название старой советской пьесы обрело для Левицкого новый смысл.
Украинаның тағы бірнеше қаласында қазақтар киіз үй тікпекші. Оларда Ресей шабуылы кесірінен жылу мен жарықсыз қалған жұрт бой жылытып, жүрек жалғап, байланыс құралын қуаттандыратын арнайы орын жайғасады. Ресей СІМ өкілі Астананың түсініктеме бергенін қалайды, оның қазақстандық әріптесі келіспейді.
Украинаны қайткен күнде де қалпына келтіру керек және бұған миллиардтаған қаражат қажет болады. Ресейдің соғыс репарациясын төлеуі я Мәскеудің бұғатталған қаражатын Украинаны қалпына келтіруге жұмсау жайлы айтылып жүр. Бұл жақсы жоспар болып көрінуі мүмкін, бірақ ол заңды әрі тиімді ме?
Тағы