Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысы әлі жалғасып жатыр. Сарапшылар Ресей әскері Украинаға басып кірген алты айда Совет одағының Ауғанстанда он жыл соғысқандағы шығынына пара-пар шығын көрді дейді. Бұған Ресей президенті Владимир Путиннің армия қатарын толтыру туралы бұйрығының қандай қатысы бар?
Ресейдің Украинаға басқыншылық жасағанына алты ай болды. Батыстың Украинаны қолдауы бәсеңдеп жатыр ма? Путин мен Зеленский саяси проблемаға тап болды ма? Ресей энергия көздерін тоқтатып, Еуропа жылусыз қала ма? Батыс қару беруді арттыра ма? Кім жеңіп, кім жеңіледі?
Еуроодақ елдерінің кейбірінде дау-дамай мен пікірталас өршіп тұр. Олар "Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салып, Украинаға басқыншылық жасағаны үшін Кремльді жазалау керек пе?" деген сұраққа жауап іздейді.
АҚШ-тағы RAND сараптама орталығының сарапшысы, бұрын Пентагонда жұмыс істеген Дара Массикот Азаттыққа берген сұхбатында Украинаның оңтүстігінде Мәскеу мен Киевті не күтіп тұрғанын айтты.
Украинаның оңтүстігіндегі Ресей оккупациялаған екі өңірде кейінгі күндері әскери қимылдар қайта жанданған. Аталған аймақтарда бірнеше аптадан бері Ресей оккупациясына қарсы астыртын партизан соғысы жүріп жатыр.
Ресей әскері Украинаға басып кіргелі жарты жылға жуықтады. Ресей Луганск, Донецк облыстарымен қоса, Украинаның оңтүстігін де бақылауда шығарғысы келмей отыр. Киев қарымта шабуылға шығып, жерді азат ету үшін басқа елдердің заманауи қару-жарақ, қаржылай көмегі көбейе түссе дейді.
Спутниктен түсірілген суреттерден оккупацияланған Қырымдағы Ресейдің әскери базасы жарылыстан соң қатты қирағаны байқалады.
Тағы