Қаңтар оқиғасы десе көз алдымызға көбінесе Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы секілді ірі қалалардағы дүрбелең келеді. Қираған мүлік, өртенген мәшине деген секілді. Иә, аталған қалаларда қан төгілді. Қаңтар қырғынында өлген 238 адамның басым көпшілігі осы қалалардан. Бірақ Ақтау, Атырау, Орал секілді көшеге шыққан халық билікке талабын айтқан соң бейбіт тарасқан қалалар да бар.