Мәскеу АҚШ-тың Ауғанстандағы сәтсіздігін Батысты мұқатып, өз саясатын алға жылжытуға пайдаланады дейді сарапшылар. Бірақ Ауғанстандағы жағдай Кремльге бірқатар проблема туғызуы да мүмкін.
Тәліптер Ауғанстандағы билікті қайта қолына алды. Олар бұл жолы халыққа көп құқық береміз деп уәде беріп отыр. Бірақ сарапшылар “Талибанның” уәдесі көбіне жүзеге аспайды дейді. Бұрын ауған жұрты тәліптердің билігі тұсында қалай өмір сүрді? Еске түсірелік.
Кабулды тәліптер басып алған соң мыңдаған адам әуежайға қашты. Қайткен күнде де елден кетуді көздеген жұрт әуежайға лап қойды. АҚШ үкіметі ұшақтардың ұшуына мүмкіндік беріп, ұшу-қону жолағын тазарту үшін әуежайды жабуға мәжбүр болғанын хабарлады.
Қазір Қазақстанда үш мыңға жуық ауған азаматы тұрады. Олар әр жылы түрлі себеппен көшіп келген: біреу өткен ғасырдың 80-жылдары "дұшпандармен" соғыстан қашқан, екінді бірі кәсіп ашуға келген, үшінші біреулер Қазақстанға оқуға түсіп, осында қалып қойған.
"Талибан" қозғалысының негізін қалағандардың бірі, қозғалыстың ең танымал мүшесі молла Абдул Ғани Барадар Ауғанстанды басқаруда маңызды рөл атқаруы мүмкін.
"Талибан" Ауғанстанды бақылауға алғанын хабарлады, президент елден қашып, үкімет құлады. Ауғанстандағы жағдай Қазақстанға және Орталық Азия аймағына қалай әсер етпек? Не күтіп тұр, неге дайындалу қажет? Азаттық саясаттанушы, "Тәуекелді бағалау орталығының" директоры Досым Сәтпаевпен сұхбаттасты.
15 тамыз күні тәліптер Кабулдың түбіне жетіп, ауған президенті Ашраф Ғани елден қашты, оның үкіметі құлады. Осыдан кейін "Талибан" қалаға кірді. Баспасөз хабарларына қарағанда, тәліптер ел астанасындағы көптеген ауданды бақылауына алған, президент сарайын басып алған.
15 тамыз күні тәліптер Ауғанстанның шығысындағы маңызды қала Жалалабадты басып алды. "Талибанның" солтүстіктегі ең ірі қала Мазари-Шарифті алғанына бір тәулік те өтпеген еді. Енді ауған үкіметінің бақылауында ірі қалалардан тек Кабул ғана қалды.