Орталық сайлау комиссиясы бақылаушылардың міндетіне байланысты жаңа қаулы қабылдады. Құжатта бақылаушылар арнайы рұқсат алмаса, сайлау учаскелерінен фото-видео түсіріп, онлайн трансляцияға шыға алмайтыны жазылған. Тәуелсіз бақылаушылар мұны заңға қайшы әрекет деп санайды.
"Нұр Отан" партиясының мүшесі, ақын Мақпал Мысаның шығармашылық кешін өткізуге Нұр-Сұлтан әкімдігінен 28 миллион теңге алған "Адал" партиясының өкілі, журналист Мұрат Қожамқұлов алдағы мәжіліс сайлауына қатыспайтын болды.
2021 жылы 10 қаңтарға жоспарланған парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауына елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын "Нұр Отан" және тағы төрт партия қатыспақ. Саяси додаға түсетін осы төрт партияның жетекшілері Назарбаевты жиі мақтайды. Олар кімдер? Жақынырақ таныстырамыз.
Жалпұлттық социал демократиялық партиясы (ЖСДП) сайлауға бойкот жариялап, сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. Партия 10 қаңтардағы сайлауда учаскелерге барып, науқанды бақылай ма, жоқ па ол жағы белгісіз. ЖСДП-ның бойкот жариялауына не себеп?
Өзін Қазақстандағы жалғыз "оппозициялық партия" деп атайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлауына бойкот жариялады. Жақында ғана жұртты осы партияға дауыс беруге үндеген оппозиционер Мұхтар Әблязов бұл шешімді "зәресі ұшқан биліктің бұйрығы" деп атады.
Елді 30 жыл билеген экс-президент қызының билікке қайта ұмтылуы дұрыс па? Бұл сауалдарға депутаттар мен қарапайым тұрғындар жауап берді.
"Нұр Отан" партиясы съезд өткізіп мәжіліс сайлауына кандидаттар ұсынды. Арасында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көктемде ғана сенат спикерлігінен кеткен қызы Дариға Назарбаев бар. Жиын өтіп жатқан ғимаратқа тілшілер кіре алмады. Съезді журналистер бір шақырымдай жерден бақылады.
Қазақстан оппозициясының сайлау туралы көзқарасы әртүрлі. Бірі сайлауға ЖСДП арқылы қатысу керек десе, өзгесі бойкот жасап, шеруге шақырады. Бақылауды күшейту керегін айтқандар да бар. Ал 25 қарашада Алматыда бірнеше қоғамдық бірлестік өкілдері билікке сайлау уақытын кейінге шегеру талабын қойды.
25 қарашада Нұр-Сұлтанда съезін өткізген биліктегі "Нұр Отан" партиясы парламент сайлауына ұсынатын 126 кандидатты атады. Олардың арасында экс-президенттің қызы, биыл мамырда сенат спикері қызметінен алынған Дариға Назарбаева да бар.
ЖСДП оралдық белсендіні партияға мүшелікке қабылдамай қойды. Неге?
10 қаңтарға белгіленген сайлау қарсаңында оппозициялық күштердің бір тобы саяси науқанға бойкот жариялайтынын мәлімдеді. Бірақ келесі бір топ өзін Қазақстандағы тіркелген жалғыз оппозиция деп есептейтін ЖСДП құрамына кіріп, сайлауға баруға шақырып жатыр.
Демократиялық елдерде дауыс берген сайлаушылар арасында сауалнама жүргізіп, сайлау қорытындысын алдын ала болжайды. Экзитпол деп аталатын бұл сауалнама Қазақстанда шетелдегіден өзгеше жүргізіледі. Азаттық PaperLab зерттеу тобының сарапшысы Серік Бейсембаевтан осы ерекшеліктер жайлы сұрады.
Тағы