Беларусь күш құрылымдары былтырғы жаздың соңынан бері қарсылық акциясында ұстаған азаматтардың киіміне, кейде тіпті денесіне әртүрлі түсті бояу жағып, "таңба" салуды әдетке айналдырған. Полиция ондай белгі салынғандарға ерекше қатыгездік танытады дейді құқық қорғаушылар.
Беларусь жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевич қазір Германияда уақытша тұрып жатыр. Азаттықтың Беларусь қызметіне берген сұхбатында ол Беларусьтегі қарсылық қозғалысы қалай өрбіп жатқаны, революцияның өміршеңдігі туралы әңгімеледі.
Беларусьте оппозиция жетекшісінің шақыруымен басталған жалпыұлттық ереуіл жалғасты. Студенттер, зейнеткерлер, жұмысшылар көшеге шығып, ұзақ жыл билікте отырған президент Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп жатыр. Соңы не болмақ?
Минскіде Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруіне жүз мыңнан астам адам шықты. Полиция демонстранттарға резеңке оқ пен құлақ тұндыратын граната қолданған. Беларусьте билікке жаппай наразылықтың жалғасып жатқанына екі жарым айдан асты.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
Егде жастағы азаматтар Минск көшелеріндегі шерулердің қалыпты қатысушысына айналды. Олар нәтижесі бұрмаланды деген президент сайлауынан кейінгі наразылық акцияларына серпіліс беріп отыр. Қатысушылардың бірі "Егер мені ұстап әкетсе, немерелерімнің алдында арым таза" дейді.
18 қазанда Беларусь астанасында мыңдаған адам авторитар басшы Александр Лукашенкоға наразылық білдіріп шеруге шықты. Демонстранттар биліктің қару қолданамыз деп қорқытқанына қарамастан қарсылық акциясын өткізді.
Тағы