Accessibility links

"Лукашенко, кет!" Беларусьтегі қарсылықтың 11-аптасы

18 қазанда Минскіде мыңдаған адам авторитар басшы Александр Лукашенкоға қарсы шеруге шықты. Демонстранттар биліктің қару қолданамыз деп қорқытқанына қарамастан, Лукашенконың қызметтен кетуін талап етіп, қарсылық акциясын өткізді.

Оппозиция символына айналған, билік тыйым салған қызыл-ақ түсті туды ұстап шыққан наразылар милиция бақылауы «күшейтілген» Минскінің орталық көшесімен жүріп өтті. Беларусь елінде биыл тамызда өткен дауыл сайлаудан кейін басталған жалпыұлттық қарсылық акциясы 11-аптаға жалғасты.


XS
SM
MD
LG