Сенбі, 26 қыркүйек күні Минскіде өзін 9 тамыздағы президент сайлауының жеңімпазы деп жариялаған Александр Лукашенкоға қарсы кезекті әйелдер шеруі өтті. Олар "Беларусь, жасасын", "Света наш президент" деп ұрандатып, сайлауға оппозиция атынан түскен Светлана Тихановскаяны қолдайтын плакаттар ұстады.