Светлана Тихановская – Беларусь президенті сайлауына қатысқан бұрынғы кандидат. Сайлаудан соң Литваға кетуге мәжбүр болған. Ол "Настоящее время" арнасына оппозицияның жоспары, Лукашенко мен Путиннің кездесуі, елдегі ахуалға Ресей мен Еуропа мемлекеттерінің әсері туралы айтып, сұхбат берді.
Светлана Тихановская – Беларусьтегі президент сайлауына қатысқан бұрынғы кандидат. Сайлаудан соң Литваға кетуге мәжбүр болған. Ол "Настоящее время" арнасына оппозицияның жоспары, Лукашенко мен Путиннің кездесуі, елдегі ахуалға Ресей мен Еуропа мемлекеттерінің әсері туралы айтып, сұхбат берді.
Беларусьтегі наразылықтар кезінде елдегі негізгі тәуелсіз ақпарат құралдары бұғатталып, жұрттың көбі болып жатқан жағдай жайлы хабар-ошарды Nexta атты Telegram-каналынан алды. Оның негізін қалаған Степан Путило каналдың "революция үнін" таратушы құралға айналғанын айтады.
Беларусьте полиция жасағы наразылық шеруіне шыққандарды ұрып-соғып, мыңдаған адамды қамады. Ел президенті Александр Лукашенко наразы халыққа неше түрлі ат қойып, айдар тағып, кемсіте сөйлейді.
30 тамыз күні Минскіде 9 тамыздағы президент сайлауынан кейін басталған наразылықтың 22-күні өтті. Бастапқыда полиция қала орталығындағы негізгі көшелерді жауып тұрды, бірақ кейіннен шегініп, шерушілердің жүріп өтуіне жол берді. Дегенмен жүздеген адам қамауға алынды.
Беларусь мемлекеттік телеарнасы ел президенті Александр Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп айқайлаған наразылардың видеодағы дауысын өзгертіп, оппозиция өкіліне қарсы сөйлеп жатқандай етіп көрсеткен. Түпнұсқа мен фейк видеоны салыстырайық.
Даулы президент сайлауынан соң Беларусьтегі мәдениет қайраткерлерінің бір тобы оппозиция жағына шыққан. Енді Лукашенконың көтерілісті басып тастағанын, оның қайта сайлау өткізуден бас тартқанын сынаған бұл қозғалысқа спортшылар, осы саладағы әйгілі тұлғалар қосылды.
Минскіде бір жылдан бері тұрып жатқан қазақстандық Беларустьтегі шерулер туралы не дейді? Ол демонстранттардың қандай ерекшеліктерін байқады? Азаттыққа айтып берді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко жаппай бейбіт шеру күні жұрттың алдына автомат ұстап шығып әлемді қайран қалдырды. Ол сияқты қаруға жармасқан өзге авторитар басшылар да болған.
Беларусьте билікке наразылық шеруіне жүз мыңнан астам адам қатысты. Билік Минск көшесіне шерудің жолын бөгеуге полициямен қоса армия сарбаздарын шығарды. Автомат асынған Александр Лукашенко наразыларды "жөнге келтіреміз" деп сес көрсетті.
Тағы