Егде жастағы азаматтар Минск көшелеріндегі шерулердің қалыпты қатысушысына айналды. Олар нәтижесі бұрмаланды деген президент сайлауынан кейінгі наразылық акцияларына серпіліс беріп отыр. Қатысушылардың бірі "Егер мені ұстап әкетсе, немерелерімнің алдында арым таза" дейді.
18 қазанда Беларусь астанасында мыңдаған адам авторитар басшы Александр Лукашенкоға наразылық білдіріп шеруге шықты. Демонстранттар биліктің қару қолданамыз деп қорқытқанына қарамастан қарсылық акциясын өткізді.
Беларусь, Ресей және өзге де постсоветтік елдерде авторитар билік режиміне жаппай наразылық білдіргендерді айыптағанда үкімет "Батыстың сценарийі" жайлы жиі айтады. Билік риторикасына негіз бар ма? "Түрлі-түсті революция" идеологы деп атайтын Джин Шарп деген кім?
Сенбі, 26 қыркүйек күні Минскіде өзін 9 тамыздағы президент сайлауының жеңімпазы деп жариялаған Александр Лукашенкоға қарсы кезекті әйелдер шеруі өтті. Олар "Беларусь, жасасын", "Света наш президент" деп ұрандатып, сайлауға оппозиция атынан түскен Светлана Тихановскаяны қолдайтын плакаттар ұстады.
19 қыркүйек күні Минскіде ел президенті Александр Лукашенконың отставкаға кетуін талап еткен әйелдер шеруі өтті. Шеруге шыққан әйелдер "Ұмытпаймыз! Кешірмейміз" деп ұрандатып, наразылықтың символына айналған ақ-қызыл жолақты жалаулар мен баннерлерді ұстап жүрді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко билікке қарсы наразылық шеруіне шыққан жұртты "арақ ішіп, есірткіге еліткен" деп қаралады. Постсоветтік елдердің көбінде президенттер билікке наразыларды жиі кекетіп-мұқатады. Сарапшылар "наразыларды қаралау – авторитар басшыға тән әдіс" дейді.
Беларусьтегі наразылық кезінде жұрт полицияның қатігездігіне әнмен жауап беріп жүр. Наразылар салған әнде бостандық, бейбітшілік, еркіндік, бақыт жайлы көп айтылады.
Светлана Тихановская – Беларусь президенті сайлауына қатысқан бұрынғы кандидат. Сайлаудан соң Литваға кетуге мәжбүр болған. Ол "Настоящее время" арнасына оппозицияның жоспары, Лукашенко мен Путиннің кездесуі, елдегі ахуалға Ресей мен Еуропа мемлекеттерінің әсері туралы айтып, сұхбат берді.
Светлана Тихановская – Беларусьтегі президент сайлауына қатысқан бұрынғы кандидат. Сайлаудан соң Литваға кетуге мәжбүр болған. Ол "Настоящее время" арнасына оппозицияның жоспары, Лукашенко мен Путиннің кездесуі, елдегі ахуалға Ресей мен Еуропа мемлекеттерінің әсері туралы айтып, сұхбат берді.
Тағы