14 қарашада Алматыда "Демпартия" ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай мен Украинада тұратын журналист, Youtube-тегі "Бәсе" каналының иесі Айдос Садықов ұйымдастырған митинг өтті. Митингіде саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, парламент сайлауына бойкот жариялауға шақырды.
14 қараша күні Алматыда ресми тіркелмеген "Демократиялық партия" құрғысы келетін бастамашыл топ пен саяси белсенді Жанболат Мамай және "Бәсе" Youtube-каналы шақырған митинг өтті. Билік жиынды ресми түрде мақұлдаған.
Қазақстанның бірнеше қаласында белсенділер 31 қазанда саяси реформа жасауды және саяси қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етіп митинг өткізуге жергілікті биліктің келісімін сұрады. Бірақ Алматыдан басқа өңірде билік түрлі сылтау айтып, бейбіт акцияға рұқсат ептей отыр.
Қазақстанда алда болатын парламент сайлауы саяси режимді консервациялауды көздейді, ал шынайы бәсекесіз өтетін сайлаудың нәтижесі қазірден белгілі деп санайды саясаттанушы Дастан Қадыржанов.
13 қыркүйекте Алматыдан бөлек, Ақтөбе, Семей мен Қарағандыда несие амнистиясын жариялау, саяси тұтқындарды босату, шетелдіктерге жер сатпау талабымен өткен митингіге шамалы адам қатысты. Өзге қалаларда билік митингіге рұқсат етпеді.
Алматының орталығында биліктің келісімімен өткен митингіге белсенді Жанболат Мамайдың жақтастары, журналистер мен полиция өкілдері қатысты.
12 тамызда Қазақстан парламенті cенатындағы босаған орындарға сайлау өтпек. Бірақ кандидаттардың үгіт-насихатынан бұқара бейхабар. Қоғамда унитарлы елге екі палаталы парламент керек пе деген сауал да бар.
Қазақстанның екінші президенті өзі саяси реформа деп атаған шараларды өзіне дейінгі басшы құрған жүйеде қалай жүргізіп жатыр?
БҰҰ-ның арнаулы өкілі Клемент Вуле Азаттыққа сұхбатында Қазақстанның "Бейбіт жиын" туралы жаңа заңы туралы айтты. Жаңа заң бұған дейін халықаралық ұйымдардың сынына қалған. Сұхбат Қазақстанда наразылық акциясына шықпақ болған азаматтарды полиция жаппай ұстаған маусымның 6-сына дейін алынды.
Мамырдың 25-інде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда қызу талқыланған үш құжатқа – бейбіт жиындар, саяси партиялар мен сайлау туралы заңдарға қол қойды.
Қазақстан билігі коронавирус инфекциясы таралуының алдын-алу үшін енгізген шектеу шараларын біртіндеп жеңілдете бастады. Бұл адамдар қайтадан көшеде еркін жүріп, бизнес субъектілері кәсібін қайта бастап, қоғамдық өмір бұрынғы қалыпқа түсе бастайтынын білдіреді.
Қазақстанда демократиялық өзгерісті талап еткен соң әскерге шақырылған Бейбарыс Толымбеков борышын өтеп келді. “Шындықтан қашып құтылмайсың” деген баннерді ұстап шыққаннан кейін көп ұзамай әскерге шақырылған жас белсенді Азаттыққа бұрынғы көзқарасы өзгермегенін айтты.
Тағы