Қаңтардың 3-іне АҚШ-тың әуе шабуылынан Касем Сүлеймани қаза тапқаннан кейін бірнеше сағат өткенде Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи Ислам революциясы сақшыларының “Құдс” құпия күштерінің жаңа басшысы етіп Исмаил Қааниді тағайындады.
АҚШ-тың ресми өкілдері Тегеранда құлаған украиналық жолаушылар ұшағын Иранның зымыраны байқаусызда атып түсірген деп санайды.
Иран белгілі генерал Қасем Сүлейманидің өлімі үшін жауап берді. Кек қайтару әдісі ретінде Тегеран АҚШ-тың Ирактағы әскери нысандарын атқылады. Ары қарай не болады? Әлем Таяу Шығыстағы кең көлемді соғысқа таяды ма?
Азаттық Иранда тұратын қазақтармен тілдесіп, елдегі қазіргі ахуал жайлы сұрап білді. Олардың сөзінше, елде соғыстан қорқып отырған жұрт та, "кек алуға дайындар" да жетерлік.
Тегеран генерал Касем Сүлейманидің өлімінен кейін АҚШ-тың Ирактағы әскери күштерін баллистикалық зымыранмен атқылады.
Иран АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қаза болған генерал Касем Сүлейманиді соңғы сапарға шығарып салып жатыр. АҚШ пен Иран арасындағы жағдай ушығып тұр. Бұл жанжал Каспий теңізі аймағына әсер ете ме? Бұл сұрақты Азаттықтың Иран қызметінің тілшісі Ниюша Богратиге қойдық.
Азаттық радиосы Иран қызметінің редакторы Ниюша Богратимен сұхбат.
Иран басылымдарының хабарлауынша, АҚШ-тың әуе шабуылдары кезінде қаза тапқан генерал Касем Сүлейманидің Керман қаласындағы қоштасу рәсімі кезінде ондаған адам қаза болып, жүздеген адам жараланған. Осыдан кейін генералдың жерлеу рәсімі кейінге шегерілді.
Иран АҚШ-тың әуе шабуылынан қаза болған "Құдс күштерінің" қолбасшысы, генерал Касем Сүлейманимен қоштасып жатыр.
Жұма күні Иракта АҚШ ирандық әскербасының көзін жойып, оқиға жауапкершілігін мойнына алғаннан кейін Вашингтон мен Тегеран арасындағы соғыс ықтималдығы туралы айтыла бастады.
АҚШ Ирак астанасы Бағдатта әуе шабуылын ұйымдастырып, Иранның әл-Құдыс элиталық жасағының қолбасшысы, генерал Касем Сулейманиді өлтірді. Иран билігі "аяусыз кек алатынын" мәлімдеді. Ирак премьер-министрі елдің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне алаңдайтынын білдірді.